Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

11 мамыр 2018, 16:13
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында 2015–2019 жылдарға арналған республикалық Индустрияландыру картасы жобаларының жаңа тізімін әзірлеу және дамыту мәселелері талқыланды.

Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек өз сөзінде қазіргі Карта 28 жобадан, оның ішінде іске асырудың бекітілген мерзімімен 6,7 трлн сомаға 19,8 мың тұрақты жұмыс орнын ашумен 22 жоба және 6 перспективалық жобадан тұратынын атап өтті. Бүгінгі таңда Карта аясында 2,2 трлн теңгеге 6 жоба іске қосылды, 4,3 мың жұмыс орны ашылды. Картаға 1,2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашумен, жалпы сомасы 456,2 млрд теңге болатын қосымша үш жаңа жобаны енгізу ұсынылып отыр. Жобалар 2017 жылдан бері іске қосылуда, олар 2021 жылы аяқталатын болады.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр жауапты мемлекеттік органдарға 2015–2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасын өзектендіру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз