Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Асқар Мамин Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облысындағы инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты

28 мамыр 2018, 15:48
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау және Солтүстік-Қазақстан облыстарында болып, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалармен, Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың XV форумына және Каспий маңы мемлекеттері басшыларының V саммитін өткізуге дайындық мәселелерімен танысты. 

ІІ категориялы «Бейнеу — Ақжігіт» автокөлік жолы жобасы Бейнеу ауылынан басталып, Өзбекстан шекарасына дейін 85 шақырымға созылған. А. Мамин жолды өңірлік маңыздылығы бар инфрақұрылымдық нысан ретінде атап өтті.  

«Бұл маңызды жоба Ақтау мен Құрық порттары арқылы Орталық Азия елдерінен Кавказ, Түркия және Еуропаға транзиттік автокөлік ағынын қалыптастыруға ықпал етеді», — деп А. Мамин жолдың құрылысын сапалы жүргізіп, оны белгіленген уақытта тапсыруды міндет етті.

Сондай-ақ, бірінші Вице-Премьер Құрық портында паром кешенінің екінші кезегі құрылысының барысымен танысты.

А. Маминге Шығыс және Батыс молдарының құрылысы, «Кедендік ресімдеу аймағы» нысаны, порт дамуының екінші кезеңінің жағалаудағы гидротехникалық құрылымдары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, «Құрық — Құрық порты» автокөлік жолын қайта құру және паром кешенін пайдалануға беру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы хабардар етті.  

Қазіргі таңда екінші кешен сынақ режимінде іске қосылған. Жоба жүзеге асырылғаннан бастап 476 кеме қатынасы жүргізілді, 2,11 млн тонна жүк тиелді, оның ішінде биыл 156 кеме қатынасы жүргізіліп, 634 мың тоннадан астам жүк тиелді.

2018 жылы Каспийдегі қазақстандық порт инфрақұрылымында жүкті тиеудің жиынтық көлемі 9 млн тоннадан астам мөлшерді құрайды. Осы жылдың бірінші тоқсанында 2,45 млн тоннадан астам жүк жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1,602 млн тонна) 52%-ке артық.

Сол күні бірінші Вице-Премьер аймақаралық ынтымақтастықтың XV форумына дайындық аясында Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

А. Мамин Петропавл қаласының халықаралық әуежайында әуежайдың тұрақ орындарын қалпына келтіру, «Әуежайға кіреберіс жол» автокөлік жолын күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Сондай-ақ, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Петропавл — РФ шекарасы» учаскесіндегі жол өтпесін қайта қалпына келтіру барысымен танысты.

Өңірде А. Мамин оқушылар сарайының, «Жас Өркен» жаңа ықшам ауданының, «Hilton» сауда-қонақ үй кешенінің, «Қызылжар» қонақ үйінің құрылысы барысымен танысты. Барлық нысандар 2018 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі.

А. Мамин Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының XV Форумына дайындық жұмыстарын жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуді тапсырды.

Асқар Мамин Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облысындағы инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты
1/4
Асқар Мамин Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облысындағы инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты
2/4
Асқар Мамин Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облысындағы инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты
3/4
Асқар Мамин Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облысындағы инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты
4/4