Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР ЕХӘҚМ пәтерлер мен автокөліктерді сатудан міндетті жарна төлеуді жоққа шығарды

31 шілде 2018, 16:36
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова жеке тұлғалардың зейнетақы қорына міндетті жарналары туралы ақпаратты түсіндірді.

Вице-министрдің айтуынша, барлық зейнетақы аударымдары азаматтардың тікелей тапқан кірісінен төленеді. Мысалы, кәсіпорын қызметкері үшін тапқан табысы оның жалақысы, жеке кәсіпкер үшін ол кәсіпкерлік қызметтен тікелей түскен табыс, жеке нотариустар үшін бұл олардың көрсеткен қызметінен түсетін табыс. Ал өтелетін шарттар негізінде (азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар) қандай да бір жұмыс немесе қызмет түрлерін орындайтын азаматтар үшін міндетті зейнетақы жарналары осы жұмысты немесе қызметті орындау нәтижесі бойынша түскен табыстан төленеді (жеке мүлкін сатудан емес).

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әрдайым диалог орнатуға әзір. Қоғамда дұрыс түсінік қалыптасқанын қалаймын. Әлеуметтік желілерде адамдар пәтер мен көлік сатудан түскен ақшадан зейнетақы жарналары ұсталып қалады деп жатыр. Бұл мүлдем жаңсақ. Бұл табыстардан зейнетақы жарналары ұсталмайды. Зейнетақы жарналары егер сізге қызмет көрсету немесе жұмысты орындау шарты бойынша табыс түскенде ғана ұсталып қалады», деп түсіндірді ол.

С. Жақыпованың айтуынша, көптеген жұмыс берушілер және жеке тұлғалар міндетті төлемдер мен зейнетақы жарналарынан жалтару үшін азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар жасасады, бірақ зейнетақы жарналарын әдейі төлемейді.

«Ешкім өзінің зейнеткерлік қамсыздандырылуы туралы ойламайды, қартайған шағында мұндай адамдар тек ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз етудің 50% шегіндегі, базалық зейнетақыны алатын болады. Бұл шектелуі нәрсе емес қой. Адамның басқа табыстары болмаса да, мемлекет көмекке келіп, сізге түсетін табысты ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмекті көрсететін болады», деді ол.

С. Жақыпова осыған дейін айтып кеткендей, Заңға биылғы жылдың 14 шілдесінде енгізілген түзетулерге сәйкес, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, жеке кәсіпкерлер тәрізді өз пайдасына төленуі тиіс табыстан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлейді.

Осыған байланысты, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысының жобасы әзірленді, онда сонымен қатар азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарының белгілі бір тәртібі мен төлеу мерзімдерін қарастырады.

«Бүгін біз тек азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды заңнамалық тұрғыдан сипаттадық, өйткені жұмыстардың орындалуы мен қызметтердің көрсетілуі бойынша олар бірнешеу. Заң бабын жүктемелей бермеу үшін сәйкесінше бұл норма Үкіметтің қаулысында көрініс тапты. Үкіметтің құзыреті заңның өзінде жазылған. Аталған қаулыда біз азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша қызмет көрсететін жеке тұлғалар үшін табыс ретінде жұмыстың орындалуы немесе қызметтің көрсетілуі болып табылатынын баяндаймыз. Регламентке сәйкес ол 20 тамызға дейін қабылданады. Келісу процедурасы қазір жүріп жатыр, 7-10 тамызда біз оны Үкіметтің қарауына жібереміз», деді вице-министр.

Соңында С. Жақыпова мемлекеттің өзінің барлық азаматтарына базалық, ортақ түрінде зейнетақымен қамтамасыз етуге кепілдік беретінін және инфляция деңгейінде зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беретінін атап өтті.

«Инфляциялық кіріс қандай болмасын, егер ол инфляциядан төмен болса, бұл айырмашылықты мемлекет сіздерге төлейтін болады. Бұл сақталу мен кепілдік барлық үш деңгейде беріледі» деді ол.

ҚР ЕХӘҚМ пәтерлер мен автокөліктерді сатудан міндетті жарна төлеуді жоққа шығарды
1/5
ҚР ЕХӘҚМ пәтерлер мен автокөліктерді сатудан міндетті жарна төлеуді жоққа шығарды
2/5
ҚР ЕХӘҚМ пәтерлер мен автокөліктерді сатудан міндетті жарна төлеуді жоққа шығарды
3/5
ҚР ЕХӘҚМ пәтерлер мен автокөліктерді сатудан міндетті жарна төлеуді жоққа шығарды
4/5
ҚР ЕХӘҚМ пәтерлер мен автокөліктерді сатудан міндетті жарна төлеуді жоққа шығарды
5/5