Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Үкіметтің жобалық басқару жүйесі: Б. Сағынтаев АКТ дамыту, базалық индустрияландыру және инвестициялар тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

11 қазан 2018, 16:01
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бейнеконференция байланысы режимінде Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында атқарылған жұмыстардың жай-күйі жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында экономика салаларын цифрландыру және АКТ дамыту, отын-энергетикалық кешен, индустрияландыру, көлік және логистика, технологиялық жаңғырту және инвестициялар тарту мәселелері бойынша 9 айдағы алдын ала есептер және 2018 жылдың соңына дейінгі жоспарлар талқыланды.

Бейнеконференция режимінде ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменовтың, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаевтың және энергетика вице-министрі Б. Ақшолақовтың баяндамалары қаралды.

Сонымен қатар, кеңес барысында Премьер-Министрдің орынбасарлары Е. Досаев пен А. Жұмағалиев сөз сөйледі.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз