Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Б. Сағынтаев Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына жаңа министрді таныстырды

26 желтоқсан 2018, 19:01
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына жаңа министрді таныстырды. Мемлекет басшысының Жарлығымен А. Жұмағалиев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды. Өз кезегінде, Б. Атамқұлов сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Бақытжан Сағынтаев Б. Атамқұловқа министрліктің құрылған уақытынан бастап екі жыл ішінде атқарылған нәтижелі жұмыс үшін алғыс білдіріп, жаңа орында сәттілік тіледі. Б. Атамқұлов басшы болып тағайындалған Сыртқы істер министрлігіне Елбасы мемлекеттік саясатты іске асыру саласында инвестицияларды тарту бойынша жаңа міндеттер жүктеген.

Премьер-Министр таныстыру барысында А. Жұмағалиевтің түрлі жауапты басшылық лауазымдардағы үлкен тәжірибесін айтып, алдағы еңбекте табыс тіледі. А. Жұмағалиев Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы, байланыс және ақпарат министрі, көлік және коммуникациялар министрі, түрлі компаниялардың басшысы болып қызмет атқарған. 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз