Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Б. Сағынтаев отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

02 наурыз 2018, 18:23
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Кеңес барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы А. Мырзахметов 2017 жылы сатып алулардағы жергілікті қамтудың үлесін арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндама жасады.

Бұдан өзге, отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша Жоспардың жобасы таныстырылды. Кеңеске қатысушылар машина жасау және металл өңдеу, азық-түлік өндірісінде және т. б. салаларда импортты алмастыру мүмкіндіктерін талқылады.

 



Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз