Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Б. Сағынтаев «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» Қауымдастығының басқарма мүшелерімен кездесті

09 сәуір 2018, 17:54
Астана
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» Қауымдастығы (ҚШИКҚ) басқарма мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында еліміздің инвестициялық саясатын іске асыру, инвестициялық тартымдылықты арттыру және іскерлік ахуалды жақсарту мәселелері талқыланды. ҚШИКҚ мүшелері адам капиталын, инновациялық технологиялар мен серпінді индустрияларды дамыту туралы пікірлерімен бөлісті.

Анықтама: «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» Қауымдастығы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің (ШИК) шетелдік мүшелерінің бастамасы бойынша ресми Хатшылық және шетелдік тараптан Кеңестің қызметін үйлестіруші ретінде құрылған.

Қауымдастық Кеңестің шетелдік мүшелеріне тұрақты ұйымдастырушылық, үйлестіру, ақпараттық және техникалық қолдау көрсетеді. Қазақстан тарапымен бірлесіп ҚР Президентінің төрағалығымен Кеңестің аралық және пленарлық отырыстарын жоспарлау және ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады. Сондай-ақ, ҚШИКҚ өз мүшелерінің атынан ҚР Үкіметінің, мемлекеттік құрылымдардың, шетелдік компаниялардың, дипломатиялық корпустың, бизнес-қауымдастықтардың және т.б. өкілдерімен әріптестік қарым-қатынас орнату жұмыстарын атқарады.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз