Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев ExxonMobil компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді

07 қыркүйек 2017, 10:30
Фото: PrimeMinister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев компания президенті Н. Даффин бастаған ExxonMobil Production Co. өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ExxonMobil компаниясының Қазақстандағы қазіргі қызметі туралы мәселелер, соның ішінде Теңіз және Қашаған мұнай кен орындарын игеру жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.

Анықтама:

Компания Қазақстанда 1993 жылдан бастап жұмыс істейді және еліміздегі алғашқы ірі инвесторлардың бірі.

ExxonMobil Теңізде кен орны бар «Теңізшевройл» ЖШС-інде - 25%, Қашаған кен орны мен Каспий құбыры желісі консорциуміне 7,5% үлескерлік қатысуды қамтитын Солтүстік Каспий бойынша өнімдерді бөлу туралы келісім аясында 16,81% үлескерлік қатысуға ие.

1/1