Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев Сербия Халық Скупщинасының төрайымы М. Гойковичпен кездесті

07 қараша 2017, 16:57
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Сербия Халық Скупщинасының төрайымы Майя Гойковичпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері және ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, электр энергетикасы, құрылыс, туризм, көлік және фармацевтика салаларында, технологиялық жаңғыртуда, кенттену, су ресурстары және өзге де бағыттарда нақты инвестициялық жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.

Анықтама: Қазіргі таңда екі ел арасындағы тауар айналымы 2017 жылдың қаңтар-тамыз аралығында $33,3 млн құрап, 2016 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішінен 2,4 есеге асып түсті. Өзара сауда көлемі 2016 жылы $26,3 млн құрады. Экспорт құрылымы негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерінен тұрады.

Қазақстанда 24 серб кәсіпорны тіркелген, олар негізінен көтерме және бөлшек сауда, тұрғын үй және тұрғын емес ғимараттар құрылысы саласында қызмет көрсетеді. Сербия Премьер-Министрінің ҚР-ға 2016 жылдың 16 қарашасындағы жұмыс сапары барысында Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2017–2018 жылдарға арналған Жол картасына қол қойылған еді.