Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР ҚДМ барлық жастарды Жастар жылында еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға шақырады

29 қаңтар 2019, 16:17
Фото, бейне: primeminister.kz

Жастар жылының ашылуында Елбасы жастар мен отбасыларды дамыту саласында Жол картасын әзірлеуді тапсырды. Аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы PrimeMinister.kz ресми ресурсының алаңында берген сұхбатында қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова айтып берді.

Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасы жастардың әлеуетін іске асыру мен дамытуға жағдай жасауға, олардың қоғамдық өмірдің барлық салаларында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Жол картасының жобасы төрт бағытты қамтитын шаралардан тұрады, олар: қолжетімді және жоғары сапалы білім беру, жұмыс орнының, тұрғын үйдің болуы және отбасын құру мүмкіндігі.

«Мемлекет басшысы Жастар жылының ашылуында Жол картасының құрылымы туралы айтып берді. Бұл жастарды үнемі алаңдататын төрт бағыт: білім алу, жұмысқа орналасу, тұрғын үй, сондай-ақ жас отбасын қолдау шаралары. Бұл Президент бізге Жол картасын құрып, жазу кезінде ерекше назар аударуды тапсырған төрт бағыт. Үкіметте осы бағытта көптеген шаралар қарастырылған», — деді вице-министр.

Сонымен қатар, Ж. Омарбекова барлық жастар өкілдерін 2019 жылы елімізді дамытуға белсене атсалысуға шақырды.

«Елбасы форумда еліміз жақсы жастар буынын – патриоттар мен елін сүйетін жастарды тәрбиелегенін айтты. Жастарымыз өте білімді. Олар әлемнің көптеген университеттерін тәмамдаған. Біз Қоғамдық даму министрлігі ретінде барша жасты Жастар жылында еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға шақырамыз. Біз “Менің Жастар жылындағы елімнің дамуына қосар үлесім” акциясын іске қосымыз. Ең бастысы, жақсы оқу, жұмыс істеуге ұмтылып, Қазақстан экономикасына үлес қосу. Жұмыс істеуге ниет білдірген адамға жұмыс табылады. Оқимын деушілерге де барлық жағдайлар қарастырылған. Қазақстан – үлкен мүмкіндіктер елі», — деді Ж. Омарбекова.  


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз