Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

12 маусым 2018, 16:25
Фото, бейне: primeminister.kz

8 маусымда Елбасы тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барып қайтты. Сапардың басты мақсаты — Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауының, «Бес әлеуметтік бастамасының», мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, кәсіпкерлік қызмет туралы жаңа заңның іске асырылу барысымен танысу болды.

Бақытжан Сағынтаевтың жұмыс кестесіндегі алғашқы елді мекен Жаңаөзен қаласы болды. Мұнда Премьер-Министр «ӨзенМұнайГаз» АҚ жаңа өндірістік базасының мысалында Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы аясында ірі өнеркәсіп нысандарын цифрландыру барысымен танысты.

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарына енгізілген «Өзен Жылу» МКК шағын ЖЭО нысанында Б. Сағынтаев турбиналық қондырғының жұмыс істеуі және алдағы жылу беру маусымына қазандықтың даярлығын тексерді.

Политехникалық колледжді аралау кезінде Бақытжан Сағынтаевқа білім беру жүйесін цифрландыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды. Осында Премьер-Министр қала жұртшылығымен және активімен әлеуметтік-экономикалық даму, Индустрия 4.0 енгізу, Президенттің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру тетіктерін енгізу, Жаңаөзенді дамытудың кешенді жоспарын іске асыру, кәсіпкерлікті, цифрландыруды кеңейту, инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Ақтау қаласына келген бойда ҚР Премьер-Министрі «Шлюмберже» компаниясының өндірістік базасына барды, онда технологиялық жаңғырту мен цифрландыру аясында кәсіпорынның жаңа сервистік мүмкіндіктерімен танысты.

Бұдан кейін Бақытжан Сағынтаев «Aktau Steel» ЖШС металлургиялық зауытының өндірісімен танысты.   

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында Премьер-Министрге «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсету сапасын арттыруға, ШОБ дамытуға және кәсіпкерлік қызмет туралы жаңа заңның іске асырылуына бағытталған жұмыстар туралы баяндалды.

Премьер-Министрдің жұмыс сапарының кестесіндегі маңызды іс-шаралардың бірі өңірді дамытудың өзекті мәселелері және Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауын іске асыру мәселелері бойынша облыс активімен және бизнес өкілдерімен өткен кездесу болды. Күн тәртібінде — технологиялық жаңғырту, цифрландыру, экономиканы одан әрі әртараптандыру, кадрларды даярлау, еңбек ресурстарын басқару және бизнесті дамыту мәселелері.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз