Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Үкіметте Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру барысы қаралды

30 қараша 2018, 16:00
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарын іске асыру мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысының «кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «индустрияландыру және экономикалық өсім», «біртектілік пен бірлік», «есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» бағыттары бойынша берген тапсырмаларының орындалуы туралы министрліктердің  есептері тыңдалды. Қазір Ұлт жоспарының 42 қадамы орындалу үстінде.

Отырыс жұмысына Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулин, комиссия мүшелері Премьер-Министр орынбасары Е. Досаев, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ә. Рақышева, ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов қатысты.

Сонымен қатар, отырысқа Премьер-Министрдің орынбасарлары Ө. Шөкеев пен А. Жұмағалиев, ішкі істер министрі Қ. Қасымов, сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахманов, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, қаржы министрі А. Смайылов, энергетика министрі Қ. Бозымбаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  М. Әбілқасымова, мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А. Шаимова, «Астана» халықаралық қаржы орталығының төрағасы Қ. Келімбетов, «Бәйтерек» АҚ басқарма төрағасы А. Әріпханов, «Назарбаев Университетінің» инновациялар жөніндегі вице-президенті Е. Құсайын және басқалары шақырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ұлт жоспарының барлық қадамдарын жүзеге асыру жұмысын жандандыруды тапсырды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз