Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87

04 маусым 2018, 09:07
Фото, бейне: primeminister.kz

2018 жылғы 28 мамыр 2 маусым аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Өткен аптада Астанада ҚР Президенті еліміздің Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді.

Сейсенбі күні, 29 мамырда Үкімет үйінде Б. Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда ауыл шаруашылығы кооперациясын одан әрі дамыту, каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іспен шұғылдануын ұйымдастыру, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін жетілдіру шаралары қаралды.

Бейсенбі күні, 31 мамырда Астанада ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен Экономика жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті.

Сол күні Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

31 мамырда күннің екінші жартысында Бақытжан Сағынтаев Душанбе қаласына ТМД Үкімет Басшылары Кеңесінің отырысына қатысу үшін ұшып барды.

ҚР Премьер-Министрі ТМД ҮБК аясында Тәжікстан Президенті Э. Рахмонның үкіметтік делегациялардың басшыларымен бірлескен кездесуіне қатысып, РФ Премьер-Министрі Д. Медведевпен және Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі М. Абылгазиевпен екіжақты кездесулер өткізді.

1 маусымда шағын және кеңейтілген құрамда Үкімет Басшылары Кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша қорытынды құжаттарға қол қойылды.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз