Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Ертең ҚР Үкіметі отырысында агроөнеркәсіптік кешен дамуының бағдарламасы қарастырылады

11 ақпан 2013, 12:20

Сейсенбі, 12 ақпанда Үкімет отырысы өткізіледі, оның барысында 2013-2020 жылдарға Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің даму бағдарламасы талқылану жоспарланған, деп хабарлады бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев. 

                                          

«12 ақпанда Премьер-Министр Серік Ахметов ҚР Үкіметінің отырысын өткізеді, оның барысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың бағдарламасы қарастырылады», - деді А.Абибуллаев.