19 Мамыр 2023, 12:58
Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қырғызстан Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровпен келіссөздер жүргізді. Кездесу Алматыда болып жатқан «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» екінші экономикалық форумының алаңында өтті.
Тараптар сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, инвестициялар тарту, ауыл шаруашылығы мен су-энергетика саласындағы ынтымақтастық және басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.
Әлихан Смайылов Қазақстан мен Қырғызстан арасында өзара сыйластық пен тату көршілікке негізделген сенімді қарым-қатынас дамып келе жатқанын атап өтті. 2022 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 7,5%-ға өсіп, $1,1 млрд-тан асты. Оң үрдіс биыл да сақталып отыр.
«Жақын арада сауда айналымының көлемін $2 млрд-қа жеткізу үшін қажетті шаралар қабылдануда. Бірлескен іс-қимылдар арқасында аталған мақсатқа қол жеткіземіз деп сенемін. Қазақстан Үкіметі екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған көпқырлы өзара іс-қимылдың барлық салалары бойынша белсенді диалогты жалғастыруға дайын», — деді Премьер-Министр.
Өз кезегінде Ақылбек Жапаров елдер арасындағы екіжақты күн тәртібіндегі барлық мәселелер өзара түсіністік, сенім және қолдау рухында талқыланып, шешімін тауып жатқанын атап өтті.
#Әлихан Смайылов #ҚР Премьер-министрі #Халықаралық ынтымақтастық«Бүгінгі кездесуіміз екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылауға және айқындауға жақсы мүмкіндік беретініне сенімдімін», — деді Ақылбек Жапаров.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу