Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Серік Жарасбаев ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды

27 ақпан 2018, 14:40
Фото: primeminister.kz

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы қызметіне Жарасбаев Серік Маратұлы тағайындалды.

Серік Жарасбаев 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2006, 2009 жылдары М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін дене шынықтыру педагогі және мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 2004 жылы бастады. 2006–2007 жылдары Петропавл қаласында Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің бокстан оқытушысы-жаттықтырушы, спорттан нұсқаушы-әдіскері болып жұмыс істеді.

2007-2010 жылдар аралығында СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының оқу-спорттық әдістемелік бөлімінің бас маманы, оқу-спорттық әдістемелік бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

2011-2012 жылдар аралығында ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті Білім, инновациялық технологиялар және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы; СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

2012-2014 жылдары аралығында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Жазғы спорт түрлері басқармасының бастығы, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің директоры.

2014 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары болып еңбек еткен.



Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз