Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Ержан Бабақұмаров ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды

11 желтоқсан 2018, 17:55
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымына тиісті өзгеріс енгізіле отырып, Талдау және болжамдау орталығы құрылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.

Ержан Бабақұмаров 1969 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты, Саясаттану ғылымдары қоғамдық Академиясының академигі, Қазақстанның Саясаттану ғылымдары қауымдастығының мүшесі.

Әртүрлі жылдары Қазақстан даму институтының Саяси зерттеулер орталығын, Президент Әкімшілігінің ақпараттық-талдау орталығын, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметін басқарған, мәдениет және ақпарат вице-министрі, Мәдениет және ақпарат министрлігінде жауапты хатшы, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Өкімімен Мақсат Нұрдәулетұлы Мұханов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз