Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Үкімет үйінде Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен ынтымақтастық келешегі талқыланды

16 мамыр 2018, 12:31
Астана
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ХІ Астана экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) Президенті Цзинь Лицюньмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында АИИБ-пен ынтымақтастықты дамыту және ел экономикасының әртүрлі салаларында бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Қаржыландырудың басым бағыттары ретінде энергетика, көлік, логистика, қала және ауыл инфрақұрылымы және т.б. салалар аталды. Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы маңызды логистикалық және көлік хабы ретіндегі рөлін ескере отырып, АИИБ-тың «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында көлік секторына қатысу мүмкіндіктері талқыланды.

Сондай-ақ, Қазақстан мен АИИБ арасында инфрақұрылымдық инвестициялар және Қазақстанда АИИБ өңірлік өкілдігін құру мәселелері бойынша шекті келісім жасасудың бірлескен жоспарлары қаралды. Бүгінгі таңда елімізде ДБ, АДБ, ЕҚҚДБ, ИДБ және т.б. секілді халықаралық қаржы және көпжақты даму институттарының өкілдіктері бар. «Астана» халықаралық қаржы орталығы банктің офисін ашатын басты алаң ретінде таңдалды.

 

Анықтама: Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкін құру туралы ұсынысты алғаш рет Балиде өткен Азия–Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығының Іскерлік саммиті кезінде (2013 ж. 7 қазан) ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин білдірді.

Банк 2015 жылдың 25 желтоқсанында АИИБ келісімі баптарының күшіне енуі арқылы құрылды және 2016 жылғы 16 қаңтарда ресми түрде іске қосылды. АИИБ-ты құрудың басты мақсаты — инфрақұрылымға және басқа да өндірістік салаларға инвестициялар салу арқылы Азияны экономикалық дамытуға, әл-ауқатты жақсартуға және инфрақұрылымдық өзара әрекеттестікті жақсартуға жәрдемдесу. Банк қызметінің маңызды қағидаты — өңірлік және жаһандық экономикалық дамуға көмектесуге дайын барлық ниет етуші елдерге ашық болу. Сонымен бірге, мұнда шешуші дауыс құқығы Азия елдерінде.

Қазақстан — AИИБ-тың тең құрылтайшысы және өз алаңында 2014 жылдың сәуір айында Банкті құру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды әзірлеу жөнінде келіссөздер жүргізген.

2014 жылғы 24 қазанда AИИБ-тың 22 әлеуетті құрылтайшы мүшелері арасында АИИБ құру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. AИИБ жарғылық капиталы $100 млрд құрайды және аймақтық және аймақтық емес мүшелер арасында 75/25 пропорционалды түрде бөлінген.

Банктің ірі акционерлері — ҚХР ($29 780,4 млн), Үндістан ($8667,3 млн), РФ ($6536,2 млн) және т.б. AИИБ штаб-пәтері Бейжіңде орналасқан.

Екі жылдық қызметінде AИИБ-қа қатысушы елдердің саны 84-ке дейін өсті. ҚР-ның АИИБ-тағы жалпы үлесі (жазылыс капиталы) $729,3 млн (0,793%) құрайды. Қазақстан Иран, Тәжікстан секілді елдермен бірге Ресей Федерациясының аймақтық елдер тобына кіреді.

Қазіргі таңда АИИБ инфрақұрылымдық жобаларының портфелі жалпы сомасы шамамен $20 млрд құрайтын басқа халықаралық қаржы серіктестерімен бірлесіп қаржыландырылатын 25 жобаны қамтиды. Мұндағы АИИБ-тың үлесі $4,39 млрд құрады, оның ішінде AИИБ өзі $1,2 млрд сомасына қаржыландырған 6 жоба (басқа ХҚҰ қатысуынсыз) бар.

Естеріңізге сала кетейік, Цзинь Лицюнь Азия даму банкінің рейтингтері бойынша вице-президент лауазымын, Дүниежүзілік банкте және Жаһандық экологиялық қорда Қытайдың атқарушы директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Бостон университетінде «Жоғары математика» бағдарламасында Hubert Humphrey мүшесі болған.

Limited  корпорациясының Қытай халықаралық капиталының —Қытайдағы алғашқы бірлескен инвестициялық банктің төрағасы, сондай-ақ, Қытай инвестициялық корпорациясының Бақылау кеңесінің және Егеменді әл-ауқат қорларының халықаралық форумының төрағасы болып еңбек еткен. Сонымен қатар, ол Азия банкінің директорлар кеңесінің төрағасы және инаугурация президенті.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз