Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев «Яндекс» компаниялар тобының тең негізін салушы және басшысы А. Воложбен кездесті

17 мамыр 2018, 08:36
Астана
Фото: primeminister.kz

Бүгін таңертең Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан елордасына ХІ Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген «Яндекс» компаниялар тобының тең негізін салушы және басшысы Аркадий Воложбен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында компаниямен ынтымақтастықты дамыту мәселелері және төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында технологияларды дамытудың жаңа мүмкіндіктері талқыланды.

 

Анықтама: Аркадий Волож — И. М. Губкин атындағы Ресей мұнай және газ институтының түлегі. Comptek желілік және телекоммуникациялық жабдықтарды сату компаниясының негізін қалаушы.

Ресейлік құжаттық электр байланысы қауымдастығының Сымсыз байланыс желілері комитетінің басшысы ретінде ол сымсыз байланыс операторларына жиіліктерді реттеу процесіне қатысты. Ол МФТИ Инновациялар және жоғары технологиялар факультетінде «Деректерді талдау» кафедрасының меңгерушісі. «Яндекс» компаниялар тобының тең негізін салушы және басшысы (акциялар пакетінің 11,82% ие).

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз