Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Сарапшылар АЭФ: Global Challenges Summit 2018 аясында ҮЕҰ дамытудың заманауи үрдістерін талқылайды

17 мамыр 2018, 19:54
Астана
Фото: primeminister.kz

Астана экономикалық форумы алаңында алғаш рет азаматтық секторды дамытудың қазіргі жаһандық үрдістерінің негізгі аспектілері, жаңа сын-тегеуріндері мен мүмкіндіктері талқыланады.

18 мамырда АЭФ: Global Challenges Summit 2018 аясында «Азаматтық қоғам болашағы. Жаңа азаматтық белсенділік» панельдік сессиясы өтеді.

Азаматтық қоғамды дамыту мәселесі жөніндегі жекелеген панельдік сессияны өткізудің бастамашысы —  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі. Егер бұған дейін АЭФ-те көбінесе экономикалық аспектілер қарастырылса, биыл Форум алаңында үкіметтік емес ұйымдарды дамытудың қазіргі заманғы үрдістері де талқыланады.

Панельдік сессияға ҮЕҰ өкілдері, жақын және алыс шет елдерден және Қазақстанның барлық өңірлерінен келген сарапшылар, саясаттанушылар қатысады.

ҮЕҰ дамуының заманауи үрдістері, әлеуметтік кәсіпкерлік және Қазақстандағы азаматтық белсенділік формалары туралы танымал сарапшылар айтып береді, атап айтқанда «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының басшысы Рахым Ошақбаев, «Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы» қоғамдық қорының басшысы Меруерт Махмұтова, «Экономика жоғары мектебі» ҰЗУ Азаматтық қоғамды және коммерциялық емес секторды зерттеу орталығының басшысы Ирина Мерсиянова (Мәскеу), AlmaU университетінің ректоры Гүлмира Қорғанбаева, саясаттанушы Саясат Нұрбек және т.б. сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Бұдан өзге, шара қатысушыларына азаматтық қоғам саласындағы үздік тәжірибелер мен іске асырылған инновациялық жобалар таныстырылады.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз