Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Мемлекет басшысы жаһандық күн тәртібіндегі Қазақстанның орнын белгіледі — сарапшы АЭФ-2018 туралы

19 мамыр 2018, 12:29
Астана
Фото: primeminister.kz

Елбасы жаһандық күн тәртібіндегі Қазақстанның орнын белгіледі. Бүгінгі таңда әлемде шын мәнінде не болып жатқанын түсіну өте маңызды, өйткені біз әлемдік күн тәртібін айқындайтын негізгі ғылыми, интеллектуалдық орталықтардан айтарлықтай алшақ орналасқанбыз, деп есептейді экономикалық шолушы Денис Кривошеев.

«Біз адамзат алдында тұрған өркениеттік сын-тегеуріндерге жақынбыз. Солардың бірін – халық санының өсуін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ерекше атап өтті. Алайда ғаламшар тұрғындарын жеткілікті азық-түлікпен, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету керек және, ең бастысы, оларды зеріктіріп алмаған жөн. Бұл бүгінгі жаһандық әлеммен бетпе-бет келіп отырған басты міндеттердің бірі», — деді Денис Кривошеев.

Сонымен бірге, сарапшы жаһандық өтпелі кезеңде тұрғанымызды ескеру керектігін айтты. Тіпті іс жүзінде орындалған дерлік Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайы ғана емес. Бұл қоғамның цифрлануының жоғары деңгейімен және интеллектуалдық жұмысқа қатыстыларды екінші орынға ығыстыратын жасанды зерденің пайда болуы арасындағы өтпелі кезең.

«Инженерлік еңбек, мәселен, тіпті қазіргі журналистиканың өзі үлкен ақпараттарды өңдей алатын жағдайда болмайтынын түсіну керек. Бұл бүкіл адамзат үшін едәуір маңызды сын-тегеурін. Нағыз Бесінші техникалық революция болған кезде адам немен айналысады? Бұл барлығы виртуалды кеңістікте жұмыс істейтін ойын адамзаты бола ма? Әлде шығармашылық адамзаты бола ма?

Адам табиғатына сәйкес үнемі бір нәрсемен шұғылданып жүруі керек. Егер барлық істің автоматтандырылуына орай классикалық еңбек түсінігіне қажеттілік болмай қалатыны жөнінде айтсақ, онда бұл кезде адам немен айналысатын болады? Ол бүкіл осы процесті қалай еңсереді?», — деді Д. Кривошеев.

Қорытындылай келе, сарапшы осындай сын-тегеуріндерге АЭФ: Global Challenges Summit секілді жаһандық алаңдардағы пікірталастарда шешім табылатынына сенім білдірді.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз