Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев АЭФ-2018 алаңында танымал физик және футуролог Митио Какумен кездесті

18 мамыр 2018, 13:06
Астана
Фото: primeminister.kz

Бүгін Астанада АЭФ: Global Challenges Summit 2018 алаңында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев танымал физик, футуролог, ғалым және ғылымды дәріптеуші Митио Какумен кездесу өткізді.

Кездесу барысында цифрлық трансформация мен еңбек нарығын дамыту, заманауи ғылым жетістіктері және оларды тәжірибеге енгізу, жасанды зерде, ғарыш, медицина және биологияны дамытудағы революциялық қадамдарға қатысты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, жас буынның ғалымдардың ғылыми әзірлемелеріне деген жоғары қызығушылығы жөніндегі мәселелер де қозғалды.

 

Анықтама: Доктор Каку — компьютерлер мен жоғары технологияларды дамытудың арқасында біздің күнделікті өміріміздің қалай өзгеретінін болжайтын футуролог, бестселлерлердің авторы, ғылымды дәріптеуші. М. Какудың ғылыми қызметінің басты мақсаты теориялық физиканы, футурологияны және астрономияны дәріптеу болды.

Күрделі ғылыми түсініктерді әрбір тыңдаушыға қарапайым тілмен жеткізу мақсатындағы ниеті бірқатар ғылыми телебағдарламаларды құруға әкелді (оның астрономия жөніндегі деректі фильмдері Discovery арнасында көрсетіледі, ол танымал «Ларри Кинг шоуына» бірнеше рет қатысқан). Ол ғылыми-көпшілік әдебиет жанрындағы үш бестселлердің: «Мүмкін емес заттар физикасы» (2008), «Болашақ физикасы» (2011), «Ақыл болашағы» (2014) және т.б. кітаптардың авторы.

 

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз