Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

АЭФ: Global Challenges Summit 2018 стратегиялық шешімдерді пысықтаудың негізіне айналады — Т. Сүлейменов

03 мамыр 2018, 12:29
Астана
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Global Challenges Summit 2018 ХІ Астана экономикалық форумына дайындық барысы туралы АЭФ ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары, ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, GVA Kazakhstan серіктесінің өкілі Булат Столяров, АЭФ ұйымдастыру комитетінің мүшелері Бауыржан Тұрлыбеков және Динара Жолдаспаева айтып берді.  

Биыл 17–19 мамырда XI Астана экономикалық форумы өтеді. Т. Сүлейменовтың айтуынша, осы жылы форум жаңартылған форматта өтіп, жаһандық сын-тегеуріндер саммитіне айналады.

Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары шараның мазмұндық, ұйымдастырушылық тұстары жайында айта отырып, БАҚ өкілдері қызығушылық танытқан сұрақтарға жауап берді.

Global Challenges Summit 2018 Астана экономикалық форумы жаһандық деңгейде де, нақты еліміз үшін де өзекті стратегиялық шешімдерді пысықтаудың негізіне айналады.

«АЭФ-тің биылғы басты мақсаты — сарапшылар қауымдастығын, технологиялық элитаны, мемлекеттік басқару өкілдерін, ірі корпорациялардың көшбасшыларын және визионерлерді жаһандық деңгейдегі мазмұнды жауаптар мен шешімдерді табуға арналған алаңмен қамтамасыз ету», — деді АЭФ ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Т. Сүлейменов.

Форумда жаһандық дамудың өзекті мәселелері: цифрландырудан бастап жаңа формат адамына дейін, криптовалютадан бастап роботты алмастырылған адамзатқа дейін, әлемдік экономикадан жаңа таза энергияға дейінгі мәселелер талқыланады.

Т. Сүлейменовтың айтуынша, бүгінгі таңда форумның тұжырымдамалары жасалған.

«Форумның бағдарламасы бекітілген, ол ресми сайтта қолжетімді. Оған 500-ге жуық қонақ пен спикер келеді деп күтілуде, олардың деңгейі мен статусы Форумның күн тәртібіндегі жоғары деңгейге барынша сәйкес келеді», — деді Т. Сүлейменов.

АЭФ ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары АЭФ өкілдігін ерекше атап өтті. Бұған дейін айтылған қонақтар тізіміне Apple компаниясының тең құрылтайшысы Стив Возняк секілді есімдер қосылды. Форумның тағы бір қонағы Эстониядағы танымал цифрлық революцияға бастамашы болып, жүзеге асырған — Томас Илвес болады.

Биыл форум үш күнге созылады. Үшінші күн толығымен форумның алғашқы күндерінде талқыланған идеялар мен шешімдерді қазақстандық күн тәртібіне бейімдеуге және оларды талқылауға арналады.

«Қазақстанның ұлттық және корпоративтік деңгейлерде ғаламшардың жаһандық сын-тегеуріндерінің шешімін табу жөніндегі халықаралық пікірталастардың нәтижелерін ең тиімді жолмен пайдалануға ниетті екенін атап өткім келеді. Стратегиялық сессия деп атаған үшінші күннің қорытындысы бойынша біз халықаралық сарапшылардан еліміз үшін құнды тәжірибелік ұсыныстар күтеміз», — деді Т. Сүлейменов.

Т. Сүлейменов Форумның Қазақстанға тигізер пайдасы туралы журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, бұған дейін АЭФ ұсыныстары көбінесе экономикалық, қаржылық саясатқа қатысты болса, Форумның биылғы тақырыбы адам капиталын дамыту, жаңа технологияларды жетілдіру және т.б. салаларды қамтып, толық көлемде ұлттық стратегия мен тактиканы қалыптастыруға мүмкіндіктер ашуға бағдарланатынын түсіндіріп өтті.

«2018 жылғы Астана экономикалық форумының айрықша ерекшелігі осы», — деп түйіндеді Т. Сүлейменов.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз