Бақыт Сұлтанов резервтегі жастарды Сауда және интеграция министрлігіне жұмысқа шақырды

ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Президенттің Жастар кадрлық резервіндегі азаматтармен кездесті.

Сонымен қатар, резервтегілердің бірі М. Төлешов Сауда және интеграция министрлігінде жұмыс істейді. Ол Ішкі сауда департаментін басқарды.

Тағы екі резервтегі жас маман өз лауазымына тағайындалу рәсімінен өтуде: А. Ақсубаев — Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облыстық департаментінің басшысы лауазымына және А. Сағынаев — «Qaztrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Жобалар басқармасының басшысы лауазымына.

Сонымен қатар, СИМ, 2019 жылдың маусымында құрылған Жас ведомство ретінде бүгінгі таңда қалыптасу кезеңінен өтуде және онда тағы да бірқатар бос жұмыс орындары бар. Резервтегілерге бүгін Бос орындар ұсынылды, атап айтсақ: Сыртқы сауда қызметі департаментінің ДСҰ-мен жұмыс басқармасының басшысы, Ішкі аудит департаменті Аудит басқармасының басшысы, Сыртқы сауда қызметі департаментінің Сауда келіссөздері басқармасының басшысы.

Сонымен қатар, «Qaztrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-да (Зерттеу және консалтинг департаментінің директоры, Ішкі аудит қызметінің басшысы), Техникалық реттеу және метрология комитетінде (Метрология және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы, Атырау облысы ТРМКД басшысы, «ҚазМетрИн» РМК ШҚО бойынша филиалының директоры, «Қазақстан стандарттау институты» РМК бөлімшесінің басшысы) және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде (ТҚҚК төрағасының орынбасары, Атырау облысы ТҚҚК департаментінің басшысы) лауазымдар ұсынылды.

Б. Сұлтанов айтып өткендей, Қазақстанның сауда ведомствосының маңызды амбициялары бар. Ол саудадағы жағдай — дамыған өндірістің көрсеткіші екенін атап өтті. Ал СИМ-нің бас KPI-і – 2025 жылға қарай шикізаттық емес сектор бойынша $41 млрд, оған қол жеткізуде Министрліктің нақты пайымы мен жоспарлары бар.

Сондықтан да бүгінгі таңда жоғары амбициялар арқылы алға басушылардың жаңа реформалардың бастаушысы болуға және экономиканың дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндіктері бар. Мұндай адамдар СИМ командасына қосыла алады. Қазірдің өзінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау, стандарттау, экспорт саласын қайта құру басталды. Сауда дипломатиясы жаңа деңгейге көтерілді.

Өз мансабы үшін өңірде жұмыс істеуді таңдаған Арман Ақсубаев әріптестеріне таңдау жасауды ең алдымен өз құзыретінің маңыздылығын алға қоя отырып анықтауды және таңдау жасауды ұсынды.

«Өңірде өзін сынап көру жақсы, дұрыс шешім», — деп Б. Сұлтанов қолдау білдірді.

Кездесу соңында Бақыт Сұлтанов өзінің кәсібіне байланысты жеке оқиғаларымен де бөлісті, — ол Қаржы министрлігінде жетекші экономистен бастап, ведомство басшысына дейінгі кезеңнен өтті. 

«Жастарда өршілдік болуы керек, алға ұмтылу керек!», — деген кеңесін берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу