Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» ҰБХ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді.

Отырыс барысында Компанияның 2018 жылға арналған жоспарлары қаралды, онда «Қазақстанның даму банкі» АҚ-мен мәміле жасасу шешімі мақұлданды. Мәмілеге сәйкес, «ҚДБ-Лизинг» АҚ (еск. «Қазақстанның даму банкі» АҚ еншілес ұйымы) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруға несие берілді.

Бұдан өзге, Директорлар кеңесі холдингтің 2018 жылға арналған бизнес-процестерінің, тәуекелдер мен бақылауларының матрицасын, ішкі аудит қызметінің 2017 жылдың 4-тоқсанындағы есебін бекітті және «Бәйтерек» холдингі тобының ішкі аудит қызметінің тиімділігі мен жұмыс сапасын сыртқы тәуелсіз бағалау нәтижелерін қарады.

Анықтама:

«Бәйтерек» ҰБХ ҚР Президентінің Жарлығымен 2013 жылы даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және ұлттық экономиканы дамыту жүйесін оңтайландыру мақсатында құрылды. Холдинг 11 еншілес компанияны біріктірді.



Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу