Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстанның бірқатар облыстарында «жасыл» технологиялар саласындағы 14 жоба жүзеге асырылады - С.Рахымбекова

14 наурыз 2016, 22:32

ҚР-ның 8 облысында «жасыл» технологиялар саласында 14 жоба жүзеге асырылады, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингі барысында «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова. 

«Еуропалық экономикалық комиссия үкіметтік емес ұйымдарға арналған байқау ұйымдастырды. 8 облыс пен Астанадан 14 ҮЕҰ аталған байқаудың жеңімпаздары атанды», - деді С.Рахымбекова. 

Оның айтуынша, аталған жобалардың 11-і - техникалық, 3-еуі - ақпараттық қамтумен байланысты.

Сонымен, оның сөзінше, Маңғыстау облысында тұрғын үйлерде суық ауыз су жүйесін орнату бойынша жобалар жүзеге асырылады. Аталған жоба аясында өңірдің 500 тұрғыны ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Бұдан өзге, Шығыс Қазақстан облысында күн коллекторлары орнатылады. Қызылорда облысында 8 мектепте су тазалайтын фильтр мембраналары орнатылады. 

«Алматы облысында жоба тауарлық балық аулауды дамытумен байланысты. Сондай-ақ, Қостанай облысында Оңалту орталығында жылыжайлар салынады, онда энергия үнемдейтін және су үнемдейтін технологиялар қолданылады», - деп түсіндірді ол. 

Бұдан өзге, оның айтуынша, Қарағанды облысында жүзеге асыру жоспарланып отырған жобалардың бірі табиғи бұлақтарды қалпына келтіру және жолы қиын жайылымдарды сумен қамтамасыз етумен байланысты.

Оңтүстік Қазақстан облысында күн-жел құрылғысы орнатылады, ол суайдаушы мұнараның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

«Осы жобаның аясында 180-ге жуық үй сумен қамтамасыз етіледі. Жаңартпалы қор ұйымдастырылып, оған үнемделген ресурстар жиналады», - деді С.Рахымбекова.

Ол «жасыл» экономикаға көшу бойынша Тұжырымдама ҚР-да 2013 жылдың мамырында қабылданғанын еске салып өтті. Тұжырымдаманың негізгі идеяларының бірі су ресурстарын тиімді басқару болып табылады.