Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Үкімет қабылдаған іс-шаралар ШОБ өнімдер көлемін және жұмыспен қамтылуын ұлғайтуға көмек берді – Қ. Бишімбаев

27 қыркүйек 2016, 11:05

ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысы барысында мемлекет тарапынан қолдау тапқан кәсіптің нәтижесін мәлімдеді.

«Қазіргі жаңа кезеңде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы кәсіпкерлікті қолдау үшін арнайы жоспар дайындады. Бағдарлама аясында инфрақұрылымдық өзгерістер тікелей бизнестің дамуына байланысты. 2015 жылы оны іске асырудың ЖІӨ өсуі 1,3%-ды құрап, 125 мың жұмыс орнын құрды. Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасының ЖІӨ-ге үлесі 1,2%-ды құрап, 200 мың жұмыс орны құрылды», – деді Қ. Бишімбаев.

Министр сондай-ақ, биыл бизнес тікелей айналым капиталын мақсатты қаржыландыру арқылы тікелей қолдауына, ескі заемдарды қайта қаржыландыруға және несие және инвестициялық жобалардың іске асыру құнын арзандатуға ие болғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен осыған 575 млрд теңге бөлінді, оның 333 млрд теңгесі ЕДБ және басқа да қаржы институттарына аударылды. Бизнес жобалар 141 млрд теңгеге қаржыландырылды. Өз кезегінде «БЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін биыл 60,3 млрд теңге бөлінді. Бүгінде 120 млрд теңгеге 1 080 жоба субсидияландырылды», – деп мәлімдеді Қ.Бишімбаев.

Сонымен қатар, биыл «БЖК 2020» бағдарламасы бойынша Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында алты өнеркәсіптік аймақтарды құруға 4,5 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Бүгінде елімізде жалпы саны 42 өнеркәсіптік аймақ бар, оның 15-і жұмыс істеп тұр және 27-сі салынып жатыр.

Қ. Бишімбаевтың мәліметі бойынша, қабылданған шаралардың арқасында жыл басынан бері ШОБ өнімдерін 0,3%-ға, жұмыспен қамту 4,1%-ға, ШОБ несиелеу 35,8%-ға артты.

«Бизнесті белсенді несиелеудің арқасында құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі салаларының өнімдері артты. Экспорт құрылымында сондай-ақ, шикізат тауарлары да артты», – деп атап өтті Қ. Бишімбаев.