Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

«Жасыл экономика» Қазақстанның дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралы — М. Мырзағалиев 

05 маусым 2018, 14:05
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев «жасыл экономикаға» көшу бойынша қолға алынып жатқан шаралар туралы баяндады. 

Вице-министр атап өткендей, «жасыл экономика» бүгінгі таңда Қазақстанның дамуын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі болып табылады. 

Ұлттық деңгейде Қазақстан экономиканы құру, дамыту мен жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын іске асыруға кіріскен. 

Президенттің 30.05.2013 ж. Жарлығымен Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама бекітілген. Қазақтан әлемдегі алғашқы елдердің бірі болып мемлекеттік деңгейде «жасыл экономикаға» көшу бойынша стратегиялық құжат әзірледі және оны 5 жылдан бері сәтті іске асырып келеді. «Жасыл» экономиканың мақсатты индикаторлары, нормалары мен шаралары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен бағдарламалық құжаттарына енгізілген және биліктің барлық деңгейлері мен азаматтық қоғамның барлық секторлары үшін бағдар болып табылады.

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, «жасыл экономикаға» көшу бойынша шаралар Тұжырымдамаға сәйкес, келесі бағыттар бойынша іске асырылады: су ресурстарын тұрақты пайдалану, тұрақты әрі өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, электр энергиясын дамыту, қалдықтарды басқару жүйесі, ауаның ластануын азайту және экожүйелерді сақтау мен тиімді басқару. 

«ЖЭК дамытудың нақты мақсатты индикаторлары қабылданған: 2020 жылға қарай электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде ЖЭК үлесін 3% көлеміне, ал 2030 жылға қарай 10% жеткізу көзделген», — деді вице-министр.

Бұл орайда, ол жаңартылатын энергетика нарығы жыл сайын өсіп келе жатқанын айтты. 2017 жылы 1,1 млрд кВтс өндірілген. Өткен жылы 5 ЖЭК нысаны пайдалануға берілген. 

Сонымен қатар вице-министр аукциондық механизмнің артықшылықтарын атап өтті, ол биыл ең үздік ЖЭК іріктеп алу үшін енгізілетін болады.

«Аукциондар ЖЭК электр энергиясын жинақтау, беру мен тұтыну кезінде нарықтың барлық қатысушыларының жауапкершілігі мен ережелерін нақты айқындауға мүмкіндік береді. Бұл жүйе «экономикалық тұрғыдан аса тиімді ЖЭК жобаларын дамытуға түрткі болады», — деді М. Мырзағалиев. 

Сонымен қатар брифинг барысында 2017 жылы парниктік газдар шығарындыларын реттеу саласында заңнамалық база жетілдірілді, 2018-2020 жылдарға арналған парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудің Ұлттық жоспары бекітілді.

«Осылайша, кәсіпорындар арасында үлестік көрсеткіштерге, сәйкесінше, берілетін квоталарға қатысты бәсекелестік туындайды. Осыған байланысты, өзінің тиімділігін арттыру үшін кәсіпорындар парниктік газдар шығарындыларын азайтуға мүдделі», — деп санайды вице-министр.

«Жасыл экономика» Қазақстанның дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралы — М. Мырзағалиев 
1/4
«Жасыл экономика» Қазақстанның дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралы — М. Мырзағалиев 
2/4
«Жасыл экономика» Қазақстанның дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралы — М. Мырзағалиев 
3/4
«Жасыл экономика» Қазақстанның дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралы — М. Мырзағалиев 
4/4