Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев ICBC банкінің басшылығымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

04 мамыр 2018, 15:49
Астана
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Industrial and Commercial Bank of China Limited (ICBC) басқарма төрағасы, директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Гу Шу мырзамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ICBC-мен ынтымақтастық туралы мәселелер, отандық, қытайлық және басқа да шетелдік клиенттерге жоғары сапалы банктік қызмет көрсету, шетел инвестицияларын тарту және Қазақстан экономикасын несиелендіру мәселелері талқыланды.

 

Анықтама: Industrial and Commercial Bank of China — Қытайдың мемлекеттік ірі банктерінің бірі (Bank of China, Agricultural Bank of China және China Construction банктерімен қатар). 1984 жылы құрылған.

ICBC әлемнің 45 елінде және өңірінде қызмет көрсетеді және ол The Forbes Global 2000 және The Banker’s Top 1000 World Banks таңдауы бойынша 2013–2017 жж. — бес жыл аралығында әлемде №1 ретінде мойындалған ең ірі банк тобы. Сондай-ақ, ол банк активтерінің көлемі, депозиттік база мөлшері және таза пайда көрсеткіштері бойынша әлемнің ең ірі банктерінің бірі. ICBC тобының клиенттер базасында 6 млн-нан астам корпоративтік клиенттер және бүкіл әлем бойынша 530 млн-нан астам жекелеген клиенттер бар.

Қазақстанда ICBC компаниясы 1993 жылы құрылған және Қазақстан мен Орталық Азия аймағындағы қытайдың еншілес банкі болып табылатын «Қытайдың Алматыдағы сауда-өнеркәсіптік банкі» акционерлік қоғамы түрінде қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ, банк қытай даму институттарының— «Мемлекеттік Қытайды дамыту банкі» және «Қытайдың экспорттық-импорттық банкінің» қатысуымен Қазақстанда жүзеге асырылатын жобалар бойынша банк-операторы саналады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша банктің көрсеткіштері: $104 млрд көлеміндегі кірістер, $45 млрд мөлшеріндегі таза пайда, активтер — $4,1 трлн.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз