Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Итальяндық компания ҚР-да құбыр шығару бойынша жобаға 40 млн долларға жуық инвестиция салады - Е.Хаиров

10 қараша 2014, 16:48

Қазақстанда құбыр шығару бойынша жобаға салынған итальяндық инвестициялар сомасы шамамен 40 млн долларды құрайды, деп хабарлады бүгін қазақстандық-итальяндық экономикалық форум барысында ҚР инвестиция және даму министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров.

«Бүгін Италияның компанияларының бірі бізде өндіріс ошағын ашқысы келетінін жеткізді. Инвестиция сомасы -  шамамен 40 млн доллар, бұл бірінші фаза. Сонымен қатар, 100-ден астам жұмыс орны ашылады. Серіктестеріміз олардың 99% қазақстандықтар болады деп сендірді», - деді  Е.Хаиров. 

Комитет басшысы атап өткендей, өндіріс «Ақтау» АЭА негізінде іске қосылады.  Құрылыс 2015 жылдың наурыз айында басталады деп жоспарланған. Сонымен бірге, бірінші кезеңде құбырлар экспорты ел ішінде, сосын Каспий маңы елдеріне жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, салалық комитет басшысының айтуынша, Қазақстан мен Италияның трансұлттық компанияларында Италияда өтетін ЭКСПО-2015 пен Қазақстандағы ЭКСПО-2017 көрмесіне өзара бірдей қызығушылық бар. «Шетелдіктер алғашында келгенде тауар жеткізеді, кейіннен сұранысты байқап осында өндіріс ошақтарын ашады», - деп толықтырды Е. Хаиров.

Айта кетерлік жайт, итальяндық делегацияның құрамында 80-ге жуық компания бар, олар агроөндіріс кешені, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы мен құрылыс инфрақұрылымы салаларында жұмыс жасайды.