Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

«Цеснабанк» акционерлері банкке 40 млрд теңге құяды

11 қыркүйек 2018, 18:01
Астана

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдаудың мемлекеттік қаржылық шараларын іске асыруда маңызды рөл атқаратын Қазақстандағы ірі және жүйе құрушы банктердің бірі тұрақты жұмыс режимі туралы хабарлайды.

Бүгінгі таңда банк тұрақты режимде жұмысын жалғастыруда, реттегіштің пруденциялық нормативтері мен өзге де талаптарын орындауда, сонымен қатар клиенттердің төлем және аударым жүргізу операциялары бойынша барлық келісімді міндеттемелерін атқарып отыр. 26 жылдық қызметінде банк сенімді қаржылық институт пен серіктес ретінде абырой жинаған.

Айта кету керек, «Цеснабанк» — кәсіпкерлікке қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы. АӨК-ті қалпына келтіруге бағытталған «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында, 2013 жылдан бері банк сомасы 219 млрд теңгеден астам жобаларды қаржыландырған. Осылайша, банк жалпы ауқымның 65% үлесімен Бағдарламаның жобаларын жүзеге асыруда екінші деңгейлі банктердің арасындағы көшбасшысы саналады.

Сонымен бірге, агроөнеркәсіптік сектордағы кәсіпорындардың қарыз бойынша жүктемесін азайтып, олардың қаржылық тұрақтылығын жақсарту үшін «Цеснабанк» «Қазагро» ҰБХ-мен бірге «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында несиені өтеу мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарап жатыр. Сонымен бірге, банк «Проблемалық несиелер қоры» АҚ-мен өзара іс-қимыл мәселесі қаралып жатыр.

Қаржылық нарықта банктің позициясын ары қарай күшейту мақсатында акционерлер жуық арада өз қаражаттары есебінен 40 млрд теңге көлемінде банкке капитал құйғалы отыр, бұл банктың жарғылық капиталының шамамен жартысын құрайды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз