Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстанда автокомпоненттер импортын ҚҚС төлеуден босату ұсынылуда - ҚР ИДМ

07 қыркүйек 2015, 19:39

Автокөлік құрастыру саласындағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін импорттық автокомпоненттерді 
қосымша құн салығын төлеуден босату ұсынылды, деп мәлімдеді бүгін 
ведомство басшысы Әсет Исекешев Парламент Мәжілісінде 
«Қазақстанның индустриалды-инновациялық саясаты мәселелері бойынша заңнамасына өзгертулер мен 
толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына таныстыру барысында.

«Отандық өндірушілерді қолдау бағытында моторлы көлік құралдарын құрастыратын заңды тұлғалар машина жасауға қажетті импорттық бұйымдарға салынатын қосымша құн салығынан босатылуы тиіс», - деді Ә.Исекешев. 

Оның айтуынша, бүгінгі таңда LG Electronic, General Electric, Toyota, KIA, Huindai, Peugeout, Siemenes сияқты компаниялармен бірқатар ортақ жобалар бар.

«Осы жобаларды табысты жүзеге асыру үшін және олардың трансұлттық компанияларда жақсы жұмыс жасауы үшін жеңілдікті режімді сақтау қажет, осыған байланысты аталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарды импорттау кезінде салықтық кедендік жеңілдіктер енгізу ұсынылады», - деп нақтылады ол.

Оған қоса, заңнама аясында Қазақстанда кәдеге жарату алымын немесе өнімдердің, оның ішінде автокөлік құралдарының қалдықтарын кәдеге жарату тетігін енгізу ұсынылуда.

«РФ-да елге кірген барлық көлік құралдарынан кәдеге жарату алымы алынатыны мәлім, ол екі рөлге ие. Біріншіден, ол ДСҰ алдындағы міндеттемеге байланысты импорттық баж салықтарының төмендеуінің орнын толтырады, яғни Ресей нарығын импорттан қорғайды. Екіншіден, ЕАЭО елдерінде өндірілген кедендік салықтар төлеуден босатылған автокөліктерді әкелуді шектейді. Осылайша, тіпті Ресей нарығында қазақстандық өнім жергілікті өндірушілермен бәсекелесе алмайды», - деп түсіндірді ол. 

Оған қоса, отандық өндірушілер үшін кәдеге жарату алымын төлеумен байланысты шығындардың орнын толтыру қарастырылған, ол кәдеге жарату алымы есебінен экологиялық таза көлік құралдары өндірісін қаржыландыруды ескере отырып жүргізіледі.

«Қазақстанның индустриалды-инновациялық саясаты мәселелері бойынша заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мемлекет басшысының 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 55,56,57,59,63,86 қадамын жүзеге асыруға бағытталған және әлдеқайда жағымды инвестициялық ахуал жасау, энергия сервистік қызметтер нарығын дамыту, Қазақстандағы туризм индустриясын одан әрі жүйелі дамыту, нақты өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін жергілікті және шетелдік жоғары технологиялы компанияларды тарту, инновациялық кластерлерді дамыту мақсатында жасалған.