Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

II Машина жасаушылар форумына 17 елден 700 қатысушы өтінім берді – ИДМ

01 қазан 2014, 22:58

9-10 қазан аралығында Астанада өтетін Қазақстан машина жасаушыларының II форумына 17 елден 700-ден астам қатысушы өтінім берді, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау.

«Форум 9-10 қазанда өтеді. Бірінші күні автокөлік құрастыру, мұнай-газ машинасының құрылысы, кен-металлургия, ауыл шаруашылығы, темір жол машиналары мен электротехникалық машина жасау секторлары бойынша секциялық отырыс өтеді. Әр секцияда өзіндік ерекшеліктер мен өзіндік міндеттемелер болады. Қазірдің өзінде шараға 700-ден астам қатысушы тіркелді. 17 елден шетелдік қонақ келеді деп күтілуде», - дейді ол.

Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, екінші күні ҚР Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен пленарлы отырыс өтпек.