Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Индустриаландыру картасы аясында Қызылорда облысында 185 млрд теңге сомаға жобалар жүзеге асырылуда

07 қараша 2014, 19:17

Қызылорда облысында Индустриаландыру картасы аясында 2 618 тұрақты жұмыс орнын құрумен 185 млрд теңге сомаға 24 жоба  жүзеге асырылады, деп хабарлады өңір әкімдігінде. 

«Қызылорда облысында Индустрияландыру картасы аясында жылғы жағдай бойынша, облыста жалпы құны 185 млрд теңге құрайтын 24 жоба іске асырылуда. Жобаларды жүзеге асыру барысында құрылыс кезінде уақытша 3066 жұмыс орны және іске қосылғанда 2618 жұмыс орны құрылатын болады», - делінген хабарламада. 

 Әкімдіктің мәліметінше, аталған жобалардың ішінде 23 жоба өңірлік Индустриаландыру картасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Капитал салымдарының жалпы сомасы - 132,9 млрд теңге, құрылатын жұмыс орындарының жоспарланған  саны – 2 318. Бір жоба республикалық Индустриаландыру картасы аясында жүзеге асырылады, ол – құны 52,1 млрд теңге құрайтын «Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы, 300 жаңа  жұмыс орнын құру жоспарланған.

Сонымен бірге, әкімдікте мәлімдегендей, өірлік индустрияландыру картасына енгізілген 23 жобаның ішінде 2011-2014 жылдары құны 78,5 млрд теңге құрайтын 15 жоба іске асып, 824 жаңа жұмыс орны құрылған.