Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

2016 жылы «Тау-Кен Алтын» жасалған келісімдер аясында 14 тонна алтын жеткізуді жоспарлауда - М.Тілеужанов

15 наурыз 2016, 17:13

2016 жылы «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты қазақстандық компаниялармен 14 тонна алтын жеткізу туралы келісім жасасты, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингі барысында «Тау-Кен Алтын» зауытының директоры Мейрамғали Тілеужанов.

«Бүгінгі таңда біз 30-дан астам қазақстандық компаниялармен келісім жасастық. 2016 жылға 14 тонна алтын жеткізу туралы келісімге қол қойылды», - деді М.Тілеужанов.

Сонымен қатар, ол 2018 жылы 25 тонна жоба қуаттылығына шығу жоспарланып отырғанын айтып өтті.

«Жалпы зауыттың технологиялық мүмкінідігі шикізатпен бірге есептегенде жылына 70 тонна алтын өндіруге жетеді», - деп баса айтты ол. 

Компания басшысы нақтылап өткендей, 2015 жылы «Тау-Кен Алтын» 11 тонна алтын өндірді, оның 10 тоннасы ҚР Ұлттық банкіне өткізілді. 

Сонымен бірге, ол Қазақстанда бағалы металдар өндірісі технологиясы әлемдік стандарттарға сай келетінін айтып өтті.

«Біздің технология алтынды аффинаждап, шикізаттағы бағалы металдарды алу ғана емес, шикізат бойынша сапамен бәсекелі болуға мүмкіндік береді. Үшінші ерекшелігі - экологиялық тазалығы. Әлемде алтынды аффинаждаудың бірнеше әдісі бар және экологиялық ең таза, ол біз қолданатын электрхимиялық аффинаждау технологиясы болып табылады», - деп түсіндірді М.Тілеужанов.