Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстан Үкіметінің басшысы К.Мәсімов пен Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаев екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

08 қараша 2014, 00:38

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов елімізге мемлекеттік сапармен келген Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті.



Әңгіме барысында Қазақстан-Қырғыз сауда-экономикалық өзара іс-әрекеті мәселелерінің кең ауқымы қаралды. Атап айтқанда, энергетикалық сала, агроөнеркәсіптік кешен, қаржы-инвестициялық сфера, экономиканың басқа да салаларындағы екі жақты ынтымақтастық жағдайы мен перспективалары талқыланды. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдер арасындағы қарым-қатынасты дамытудың серпінді сипатын атап өтіп, Қазақстан мен Қырғызстанның іскерлік серіктестігін одан әрі тереңдету жайлы айтты.