Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстан және БАӘ екі жақты ынтымақтастықты жетілдіруге ниетті

11 қыркүйек 2014, 17:15

БАӘ-гі Қазақстан Елшісі Қайрат Лама Шарифтің Эмираттағы Умм аль-Кайвейннің іскерлік орта өкілдерімен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында екі елдің өңірлері арасындағы ынтымақтастықты дамыту қажеттігі талқыланды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Қазақстан дипломаты Эмираттағы Умм аль-Кайвейн Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығын Қазақстан Үкіметінің елдегі инвестициялық ахуалды жетілдіру және шетел инвесторларының сенімділігін арттыру бойынша атқарып жатқан іс-шаралары жөнінде толық ақпарат берді.

Сондай-ақ, ол СӨП Президенті Саид бен Насер ат-Талайға Қызылорда облысы Әкімшілігінің 2014 ж. 29-30 қазанында Қызылорда қ. және Байқоңыр қ. өтетін «Байқоңыр» IV Инвестициялық форумына қатысуға ресми шақыруды ұсынды. Аталмыш форум аясында эмират бизнесмендері алғаш рет «Байқоңыр» космодромына барады, мұнда «Союз-У» ғарыш кемесі ұшырылады.

Саид бен Насер ат-Талай Елші Қайрат Лама Шарифтің Қызылорда облысы бизнес қауымдастығы мен Эмираттағы Умм аль-Кайвейн арасындағы іскерлік байланыстарды дамытуға мүдделігі үшін оған алғыс білдіріп, өзара мүмкіндіктерді зерттеу үшін іскерлік орта өкілдерінің қатысуымен диалог жасау алаңдарын құру маңызды, себебі бұл өз кезегінде, ҚР мен БӘА арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың одан да жоғары әрі тиімді деңгейге көтерілуіне септігін тигізетінін атап өтті.