Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді

Сенбі, 20 Қараша 2021, 11:37:33

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) және жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) бағаларын реттеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Қазіргі жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов және т. б. баяндады.

Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жалпы өсу индексі 0,0%-ды құрады. Қабылданған шаралар есебінен үшінші апта қатарынан сәбіз (-0,8%), пияз (-0,7%), макарон өнімі (рожки), күріш және картоп (-0,2%) бағасының төмендеуі байқалады. Қалған өнімдердің бағалары тұрақты.

Өңірлерде «айналым схемасын» қаржыландыру 48,9 млрд теңгеге жетті. Нысаналы деңгей 97,7%-ға қамтамасыз етілді. «Айналым схемасы» бойынша тиімді жұмыс Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында байқалады. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың төмен деңгейі Қызылорда және Маңғыстау облыстарында сақталып тұр.

Қабылданған шаралардың арқасында ЖЖМ нарығындағы жағдай тұрақтанды. Бүгінде барлық МӨЗ тәулік сайынғы өндіріспен және ашық түсті мұнай өнімдерін ішкі нарыққа жөнелтумен штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Биылғы 19 қарашадағы жағдай бойынша мұнай өнімдерінің жеткілікті жиынтық қоры – 200,6 мың тонна бензин және 215,8 мың тонна дизель отыны қалыптастырылды, бұл елдің 15 тәуліктік қажеттілігін өтеуге жеткілікті.

Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі монополиялық жоғары бағаларды қою белгілері бойынша Қарағанды облысындағы құс фабрикасына қатысты тергеу жұмыстарын бастады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы тауық жұмыртқасы мен құс еті нарығы субъектілеріне бағалық сөз байласу және үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерінің бар екендігі туралы 7 ескерту жіберілді. 

Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау және Жамбыл облыстарында өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенстің 14 актісі жасалды. Жалпы, республика бойынша монополияға қарсы комплаенстің 154 актісі жасалды.

Премьер-Министр орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және төмендету, сондай-ақ инфляцияның жалпы деңгейін 8,5% шегінде ұстап тұру жұмысын жалғастыруды тапсырды.

Өңірлердің әкімдіктеріне өндіріс пен тұтыну теңгерімін ескере отырып, тұрақтандыру қорларында жеткілікті қорларды қамтамасыз ету, «айналым схемасы» бойынша қаржыландыруды ұсынылған көлемдерге дейін жеткізу, баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеретін өңірлік комиссиялардың жұмысын жандандыру тапсырылды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
08 Желтоқсан 2021, 16:26
Қазақстан Қырғызстанға 1 мың автобус экспорттайды
08 Желтоқсан 2021, 11:06
9 желтоқсан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
08 Желтоқсан 2021, 10:12
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
08 Желтоқсан 2021, 08:40
А. Мамин Қырғызстан Үкіметінің басшысы А. Жапаровпен келіссөз жүргізді
07 Желтоқсан 2021, 19:40
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді
07 Желтоқсан 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты
06 Желтоқсан 2021, 12:13
Асқар Жақыпбаев ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды
05 Желтоқсан 2021, 09:26
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №140
04 Желтоқсан 2021, 12:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді
04 Желтоқсан 2021, 11:42
Қазақстанда бесінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
03 Желтоқсан 2021, 16:54
Қазақстан СОР26 аясындағы міндеттемелерін уақытылы орындайды — А. Мамин 
03 Желтоқсан 2021, 11:34
Ә. Смайылов екінші Еуразиялық конгреске қатысты
03 Желтоқсан 2021, 08:47
ВАК отырысы: Е. Тоғжанов коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді
01 Желтоқсан 2021, 16:55
«EXPO 2020 Dubai» көрмесінде Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді
01 Желтоқсан 2021, 16:32
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
30 Қараша 2021, 15:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №842 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №841 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №839 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №835 Қаулысы
30 Қараша 2021, 13:02
ҚР Үкіметінің отырысы,30.11.2021
30 Қараша 2021, 12:26
Қазақстанда 12,7 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен 139 жобаны іске қосу жоспарлануда — Б. Атамқұлов
30 Қараша 2021, 10:38
Қазақстанда «Омикрон» КВИ штаммының жаңа нұсқасының пайда болуына байланысты бірқатар шектеулер енгізіледі
30 Қараша 2021, 10:21
2021 жылдың 10 айында ҚР өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 78,6%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін өсті 
30 Қараша 2021, 09:37
8 млн-нан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алды 
29 Қараша 2021, 14:47
30 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Қараша 2021, 11:24
А. Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты  
29 Қараша 2021, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №834 Қаулысы
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.