Үкіметте Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмаларының орындалу барысы қаралды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмасын орындау жөнінде кеңес өткізді.

Кеңесте қаржы-экономикалық бағытта Президенттің Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасын іске асыру талқыланды. Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің өкілдері баяндама жасады.

Кеңеске қатысушылар заңсыз алынған және қайтарылған мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы заң жобасына өзгерістер енгізуді де талқылады.

Премьер-Министрдің орынбасары заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдардың тез арада аяқтап, келісу қажеттігін атап өтті.

Кеңес барысында субсидиялау мерзімін 7 жылға дейін ұлғайту және сыйақы мөлшерлемесін саралау тұрғысынан да «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасын жүзеге асырудың жаңа тәсілдері талқыланды.

Кеңесті қорытындылап, Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар басшыларына бірқатар тапсырма берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу