18 Қыркүйек 2017, 07:30
Биыл 15 қыркүйекте Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды. Жұмыс сапарының негізгі мақсаты ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіру және іске асыру мәселелері болды.
Бақытжан Сағынтаевтың жұмыс сапарының кестесіндегі бірінші нысан APEC Petro Technic Жоғары техникалық мектебі болды. ҚР Премьер-Министрі мұнайгаз саласына арналған кадрларды оқытудың заманауи форматтарымен танысты, мұнайгаз саласындағы химиялық және физикалық процестер зертханаларын, оқу орнының шеберхана ғимараттарын, жатақханаларды аралады, сондай-ақ студент жастарымен болашақ мамандықтарына арналған кадрлар даярлау мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Премьер-Министрдің жұмыс сапары барысындағы басты іс-шаралардың бірі Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында мұнайгаз саласы кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту мәселелері жөніндегі кеңес болды.
Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесу барысында шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері талқыланды.
Содан кейін Бақытжан Сағынтаев Caspian Royal Fish балық өсіру кешенін аралап көрді, Қашаған кен орны нысандарының, олардың ішінде D жасанды аралы, «Болашақ» мұнай және газды қайта өңдеу зауыты және түйіршіктелген күкірт өндіретін зауыт жұмысын тексерді.
Сондай-ақ, Премьер-Министр «Нұрлы Жер» бағдарламасын іске асыру аясында көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысының барысымен танысты, және Атырау қаласындағы ХҚКО-лардың бірін аралап көрді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу