Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды

15 қыркүйек 2017, 12:00
Атырау облысы

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды, онда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді іске асыру барысымен танысады.

Бақытжан Сағынтаев өңірде «Қашаған» кен орны нысандарының жұмысын тексереді, олардың ішінде «D» жасанды аралы, «Болашақ» мұнай және газды қайта өңдеу зауыты және түйіршіктелген күкірт өндіретін зауыт бар. Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі «Нұрлы Жер» бағдарламасын іске асыру аясында көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысының барысымен танысады, мұнайгаз саласына кадрлар даярлау бойынша APEC Petrotechnic Жоғары техникалық мектебін, Caspian Royal Fish балық өсіру кешенін аралайды, сондай-ақ Атырау қаласының ХҚКО-ларының бірінің жұмысын тексереді.

ҚР Премьер-Министрі Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында мұнайгаз саласы кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту мәселелері жөнінде ауқымды кеңес, ШОБ дамыту мәселелері бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесу, сондай-ақ болашақ мамандықтарға кадрлар даярлау мәселелері бойынша студент жастармен кездесу өткізеді.

Ең алдымен Бақытжан Сағынтаев APEC Petro Technic Жоғары техникалық мектебін аралап, мұнайгаз саласына арналған кадрларды оқытудың заманауи форматтарымен танысты. ҚР Премьер-Министрі жатақханаларды, мұнайгаз саласындағы химиялық және физикалық процестер зертханаларын, сондай-ақ оқу орнының шеберхана ғимараттарын аралады.  

Айта кетсек, APEC Petrotechnic Жоғары техникалық мектебі 2012 жылдың соңында пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта мекеме алты мамандық бойынша мұнайгаз саласына кадрлар даярлаумен айналысады: мұнай және газ өндіру технологиясы, кен орындарын пайдалану, бұрғылау технологиясы, электрмен қамту, химиялық инжиниринг технологиясы мен БӨАжәнеА инжинирингі технологиясы.

АРЕС Petro Technic-те оқыту ағылшын тілінде тегін мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен жүргізіледі, бұдан өзге мекеме студенттері мен оқытушыларына тұрғын үй беріледі. Күндізгі оқытуда барлығы 760 студент оқиды.

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асыру аясында адами капиталды дамыту экономикалық өсімнің жаңа үлгісін қалыптастыру кезінде ҚР Үкіметі жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде айқындалған. Оған қоса, бұл мәселеде қазақстандықтарға заманауи білім алуға және өз құзыреттіліктерін кеңейтуге мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге баса назар аударылады.