Мемлекет басшысы «Самұрық Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Самұрық Қазына» АҚ-ның биылғы 7 ай ішіндегі қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңдегі жоспарлары жөнінде мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«І жарты жылдықтың негізгі көрсеткіштері жақсы. Өзіңіз бекіткен Қор стратегиясын жүзеге асыру мақсатымен белгілі бір жұмыстар атқарылып, бірқатар нәтижелерге қол жеткізілді. Соның ішінде, холдингті трансформациялау ісі жалғасуда, жекешелендіру аясында 42 миллиард теңге көлеміндегі 18 актив іске асырылды. Осы жылдың аяғына дейін "Қазақтелеком", "Air Astana" және "Қазатомөнеркәсіп" компанияларын IPO-ға шығаруды жоспарлап отырмыз», — деді Ахметжан Есімов.

Нұрсұлтан Назарбаев Қордың сатып алу көлемін бәсекелестік ортаға берудің маңыздылығына тоқталып, атқарылған жұмыстардың шағын және орта бизнесті қолдау ісіндегі оң нәтижелерін атап өтті.

Соңында Мемлекет басшысы «Самұрық Қазына» АҚ қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу