Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Үкімет «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бес жылының қорытындысын шығарып, 2020-2025 жылдарға мақсат қойды

Сейсенбі, 22 Қазан 2019, 09:54:56

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы қаралды. 

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов баяндама жасады, ол 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында соңғы 5 жылда көлік саласын дамытуға шамамен 5,8 трлн теңге бағытталғанын айтты. 

Соның нәтижесінде 400 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, ЖІӨ-дегі көлік үлесі 8,3%-ға дейін өсті, еңбек өнімділігі – 1,7 есеге, контейнерлердің жалпы транзиті – жиырма футтық баламада 271 мыңнан 825 мың контейнерге дейін 3 есе, транзиттен түсетін кірістер – 4,3 есе, 180 млрд теңгеден 782,4 млрд теңгеге дейін, жүк тасымалдары транзитінің көлемі бір жарым есеге, 1,3 млн-нан 1,8 млн тоннаға дейін, транзиттік авиажолаушылар саны 4 есеге, шамамен 1 млн транзиттік жолаушыға дейін артты.

3 мың шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдары салынып, реконструкцияланды, 15 мың шақырым облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөнделді, 1,4 мың шақырым жаңа темір жол пайдалануға берілді, Орал, Петропавл, Алматы, Семей, Қостанай, Балқаш әуежайларында 6 ұшу-қону жолағы жаңғыртылды. Қытаймен шекарадағы терминалдардың өткізу қабілеті жылына 40 млн тоннаға дейін ұлғайтылды. Ақтау портын кеңейту және Құрық портының салынуы есебінен Каспийдегі порт инфрақұрылымының қуаттылығы жылына 17,5 млн-нан 27 млн тоннаға дейін ұлғайтылды. Инженерлік желілердің ұзындығы 3,4 мың шақырымды құрады. «Нұрлы жол» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері ішкі су жолдарымен жүк тасымалдау көлемі 86%-ға – 750 мың тоннадан 1,4 млн тоннаға дейін өсті, Ертіс өзені бойынша өтпелі кеме қатынасы қалпына келтірілді және кеме жүзетін су жолдарының сапасы жақсарды.

«Тұрақты көліктік-логистикалық жүйе қалыптасты. Соның нәтижесінде Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы трансконтиненталды көпірге айналды. Елбасының аймақтық көліктік-логистикалық хаб құру және еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі міндеттері белсенді жүзеге асырылу сатысында», — деді А. Мамин.

2025 жылға дейінгі жаңа мемлекеттік бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемі 6,598 трлн теңгені құрайды. Автожол инфрақұрылымын дамыту аясында республикалық желінің 10 мың шақырым жолын реконструкциялау және 11 мың шақырымын жөндеу, 27 мың шақырым жергілікті желі жолын жөндеу жоспарланған. Темір жол саласында «Достық – Мойынты» учаскесін жаңғырту және «Мойынты – Ақтоғай» учаскесін электрлендіру көзделген. Шағын әуе желілерін дамыту мақсатында 16 аэродром салу жоспарланған.

Автомобиль көлігі саласындағы ұлттық стандартқа сәйкестендіру мақсатында шамамен 133 автостанция/вокзал және жолаушыларға қызмет көрсету пунктерін салу және жаңғырту жоспарланған.

Жалпы, «Нұрлы жол» жаңа мемлекеттік бағдарламасын іске асыру 551 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның 48,5 мыңы – тұрақты және 502,2 мыңы – уақытша, көлік саласының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемін 1,1-ден 3,4 трлн теңгеге дейін 3 есе, темір жол көлігіндегі транзит көлемін – 18,1 млн-нан 26,9 млн тоннаға дейін, автомобиль көлігімен жылына 1,6 млн-нан 3 млн тоннаға дейін ұлғайтуға жол ашады.

«Елбасы “Nur Otan” фракциясының жақында өткен отырысында атап өткендей, “Нұрлы жол” бағдарламасының жаңа бес жылдығы еліміздің көлік инфрақұрылымы мен транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған негізгі мемлекеттік бағдарламалардың бірі», — деді А. Мамин. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
11 Сәуір 2021, 18:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №107
11 Сәуір 2021, 08:09
Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды
10 Сәуір 2021, 13:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты
09 Сәуір 2021, 18:29
А. Мамин Байқоңыр қ. барды және «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен келіссөз өткізді
09 Сәуір 2021, 15:49
Мемлекет басшысының өкімімен Қ. Жайсаңбаев ҚР ПӘ Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
09 Сәуір 2021, 15:43
12 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Сәуір 2021, 10:04
Қ. Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі С. Лавровты қабылдады
09 Сәуір 2021, 08:43
А. Мамин «One Web» басшылығымен ҚР-да спутниктік интернетті дамытуды талқылады
08 Сәуір 2021, 19:11
Мұғалімдерді даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, ҰБТ тапсырудың жаңа форматы, ЖОО-ларды лицензиялау - А. Аймағамбетов ҚР БҒМ қазіргі жұмысы туралы
08 Сәуір 2021, 15:47
Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады
08 Сәуір 2021, 15:27
Президент өкімімен Н. Сауранбаев ҚР ПӘ мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды
08 Сәуір 2021, 14:08
ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуды талқылады
07 Сәуір 2021, 21:27
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:15
Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрі қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:05
Қ. Тоқаев Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілді қабылдады
07 Сәуір 2021, 18:00
Өнеркәсіп, құрылыс, жұмыспен қамту: Жамбыл облысының 2020 жылғы даму қорытындысы
07 Сәуір 2021, 16:38
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
07 Сәуір 2021, 16:19
Мемлекеттік комиссия ШОБ қолдаудың қосымша шараларын қарастырды
07 Сәуір 2021, 08:46
«Wizz Air» лоукостері Түркістан мен Алматыға әуе рейстерін ашуға ниетті
06 Сәуір 2021, 19:45
Қ. Тоқаев Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі қабылдады
06 Сәуір 2021, 12:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 06.04.2021
06 Сәуір 2021, 12:21
2025 жылға дейін еліміздегі барлық жолдар жол бойы сервисімен қамтамасыз етіледі — ҚР ИИДМ
06 Сәуір 2021, 11:20
600-ден аса вакцинация кабинеті, 800 мұздатқыш жабдық және 3 мың термоконтейнер дайындалды — ҚР ДСМ
06 Сәуір 2021, 10:08
Биыл ҚР-да 6 мың шақырым автомобиль жолын реконструкциялау және салу бойынша ірі жобалар іске асырылады
06 Сәуір 2021, 09:53
2021 ж. қыркүйекте Қазақстанда вакцинациялауға жататын 10 млн адамға вакцина салу аяқталады
05 Сәуір 2021, 19:53
Вакцинациялаудың электрондық паспорты, жеке деректерді қорғау және байланыс сапасын жақсарту — Қазақстанда цифрландырудың дамуы
05 Сәуір 2021, 17:27
Қ. Тоқаев ҚР Ұлттық Банкі басшылығының құрылымында кадрлық өзгерістер жасады
05 Сәуір 2021, 14:59
6 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
05 Сәуір 2021, 14:34
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
05 Сәуір 2021, 14:29
Қ. Тоқаев ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілін тағайындады
05 Сәуір 2021, 12:00
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов Саран қ. шина зауытының құрылысын бастап берді
04 Сәуір 2021, 09:56
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №106
03 Сәуір 2021, 16:30
Е. Тоғжанов Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысын өткізді
02 Сәуір 2021, 19:17
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
02 Сәуір 2021, 15:14
Қазақстан мен Қырғызстан Премьер-Министрлері «Қордай — Ақ Жол» жаңғыртылған өткізу пунктін ашты
02 Сәуір 2021, 14:21
Қ. Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Е. Досаевты қабылдады
02 Сәуір 2021, 09:38
Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
01 Сәуір 2021, 20:27
Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
01 Сәуір 2021, 18:57
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
01 Сәуір 2021, 13:06
Инвестициялар тарту, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын құру — Батыс Қазақстан облысының 2020 жылғы дамуы
01 Сәуір 2021, 11:57
Үкіметте электрондық сауда мәселесі мен ЕАДБ-ның жаңа стратегиясы талқыланды
31 Наурыз 2021, 20:47
Елбасы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31 Наурыз 2021, 20:33
Мемлекет басшысы онлайн форматта өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31 Наурыз 2021, 19:08
Қазақстан Германиямен көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
31 Наурыз 2021, 16:55
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
30 Наурыз 2021, 18:37
А. Мамин ЕҚҚДБ президенті О. Рено-Бассомен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
30 Наурыз 2021, 18:20
Әділбек Сәрсембаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
30 Наурыз 2021, 18:17
Талғат Жанжүменов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
30 Наурыз 2021, 16:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2021, 16:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.