Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин балық шаруашылығы саласын дамыту мәселесі жөнінде кеңес өткізді

Бейсенбі, 27 Ақпан 2020, 15:11:19

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасында балық шаруашылығы саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

ҚР балық шаруашылығын дамытудың жай-күйі мен перспективалары туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев пен «Балық шаруашылығы қауымдастығы – BD» ЗТБ атқарушы директоры Н. Жұмағалиұлы, өңірлердегі балық шаруашылығының проблемалық мәселелері туралы Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстарының балық бизнесінің өкілдері, ҚР-да балық шаруашылығын дамыту туралы ресейлік профессор А. Литвиненко мен ҚР Парламенті Сенатының депутаты С. Еңсегенов баяндады.

Қазақстанның балық және балық өнімдері нарығының жалпы көлемі шамамен 66 мың тоннаны құрайды, оның 45 мың тоннасы балық аулау кәсібіне, 7,4 мың тоннасы балық шаруашылығына тиесілі. Сонымен қатар 30 мың тоннасы экспортқа шығарылса, 43,5 мың тонна өнім импортталады.

Орта мерзімді перспективада отандық нарық көлемін 120 мың тоннаға дейін ұлғайту әлеуеті бар, бұл алабалық пен Атлант ақсеркесін өсуінің арқасында импорт көлемін төмендетуге мүмкіндік береді, сонымен қоса әлемдік нарықтарға, атап айтқанда, Қытайға, Ресейге және Еуропаға экспорт көлемін арттырады.

ҚР-да кәсіпшілік балық аулаумен балық шаруашылығының 1 мыңнан астам субъектісі айналысады, оларға 1646 балық шаруашылығы су айдындары мен олардың учаскелері бекітілген. Аталған салада 11 мың адам жұмыс істейді.

Балық аулау негізінен Каспий және Арал теңіздерінде, Балқаш және Зайсан көлдерінде, Бұқтырма, Қапшағай және Шардара су қоймаларында, Алакөл көлдер жүйесінде, Жайық және Қиғаш өзендерінде қолға алынған. Негізгі кәсіптік өңірлер — Атырау – 13,1 мың тонна (29,2%), Шығыс Қазақстан – 8,2 мың тонна (18,3%), Қызылорда – 7,4 мың тонна (16,4%), Алматы – 6,6 мың тонна (14,6%), Маңғыстау – 2,3 мың тонна (5,2%) және Түркістан облыстары – 2 мың тонна (4,5%).

Қазақстанда балық шаруашылығы қарқынды дамуда — соңғы 7 жылда өсірілген балық көлемі 9 есе 800 тоннадан 7 мың тоннаға дейін артты. Елімізде балық өсірумен 180 балық шаруашылығы айналысады, оларда 1 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған. 

Үкімет басшысы елімізде балық шаруашылығын дамыту үшін жүйелі шаралары қабылдау қажеттігін атап өтіп, биыл 1 сәуірге қарай ҚР Балық шаруашылығын дамыту тұжырымдамасының жобасын дайындауды тапсырды.

«Өзендердің суы қорғалатын аймақтарында жұмыс істеуге балық шаруашылықтарына тыйым салуды алып тастау, сондай-ақ балық шаруашылығы субъектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін жасайтын төлемдерін қысқартып, тек нақты су шығындары үшін төлемдерді қалдыру мәселесін қарастыру қажет. Төлем мөлшерлемесін азайтуды қоса алғанда, балық ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем жасау тетігін жетілдіру керек», — деді А. Мамин. 

Премьер-Министр балық өнімдерін бақылау ақпараттық жүйесін әзірлеуді және енгізуді тапсырды. 

«Бір ай ішінде Каспий теңізінде және Жайық өзенінде балық аулау мерзімдерін ұзарту, сондай-ақ түнгі уақытта балық аулауға рұқсат ету бойынша ұсыныстарды әзірлеу қажет. Балық шаруашылығы субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын арттыру және балық шаруашылығын экономиканың басымдықты салаларының қатарына жатқызу керек», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы балық шаруашылығы мелиорациясын тұрақты жүргізу мақсатында су түбін тереңдету техникасын сатып алу мәселесін қарастыруды, сондай-ақ балық өсіру зауыттары мен балық шаруашылығының аумақтық инспекцияларын материалдық-техникалық жарақтандыруды қаржыландыру туралы ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. 

Жұмыс сапары аясында А. Мамин Атырау бекіре балық өсіру зауытына, «Амангелді атындағы» ЖШС, «Caspian Royal Fish» кәсіпорындарына барды, сондай-ақ ҚР балық шаруашылығы саласындағы жетістіктер көрмесін аралап көрді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
14 Сәуір 2021, 17:43
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады
14 Сәуір 2021, 16:26
Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 15:32
Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 14:24
Тұрғын үй саясатын жаңғырту, қолжетімді тұрғын үй салу және тиімді шарттармен ипотека беру — Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамыту
13 Сәуір 2021, 19:31
Р. Скляр cу тасқыны жағдайына мониторинг жасау мақсатында елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады
13 Сәуір 2021, 17:56
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:58
Мемлекет басшысы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Сәуір 2021, 14:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі №210 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 14:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №194 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 13:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі №212 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №207 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
12 Сәуір 2021, 20:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №169 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №174 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №189 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 19:32
Қазақстан Президенті Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
12 Сәуір 2021, 19:18
Ғылымды гранттық қаржыландыру отандық ғалымдарды қолдау шарасы ретінде
12 Сәуір 2021, 19:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №184 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №176 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №173 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №192 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:40
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №193 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:10
Ербол Қарашөкеев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 15:03
Ростислав Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 13:30
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.04.2021
12 Сәуір 2021, 13:28
Қазақстанның машина жасау саласы тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр —  Б. Атамқұлов
12 Сәуір 2021, 12:46
Атқарушы органдар жұмысының маңызды көрсеткіші – әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу — Б. Сұлтанов
12 Сәуір 2021, 11:39
Барлық өңірлерде жергілікті бюджетке кіріс түсімдері бойынша жоспар асыра орындалды — Е. Жамаубаев
12 Сәуір 2021, 11:38
Қазақстанның көптеген өңірлерінде жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр — Ә. Ерғалиев
12 Сәуір 2021, 11:30
Салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы өтініштері 1 трлн теңгеден астамға орындалды — Е. Досаев
12 Сәуір 2021, 11:25
Биыл қыркүйек айына дейін 10 млн-ға жуық Қазақстан тұрғынына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарлануда — ҚР ДСМ
12 Сәуір 2021, 11:08
2021 жылдың I тоқсанында ҚР экономикасының негізгі салалары тұрақты өсім көрсетті
12 Сәуір 2021, 10:57
А. Мамин вакциналау кестесінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды
11 Сәуір 2021, 18:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №107
11 Сәуір 2021, 08:09
Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды
10 Сәуір 2021, 13:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты
09 Сәуір 2021, 18:29
А. Мамин Байқоңыр қ. барды және «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен келіссөз өткізді
09 Сәуір 2021, 15:49
Мемлекет басшысының өкімімен Қ. Жайсаңбаев ҚР ПӘ Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
09 Сәуір 2021, 15:43
12 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Сәуір 2021, 10:04
Қ. Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі С. Лавровты қабылдады
09 Сәуір 2021, 08:43
А. Мамин «One Web» басшылығымен ҚР-да спутниктік интернетті дамытуды талқылады
08 Сәуір 2021, 19:11
Мұғалімдерді даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, ҰБТ тапсырудың жаңа форматы, ЖОО-ларды лицензиялау - А. Аймағамбетов ҚР БҒМ қазіргі жұмысы туралы
08 Сәуір 2021, 15:47
Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады
08 Сәуір 2021, 15:27
Президент өкімімен Н. Сауранбаев ҚР ПӘ мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды
08 Сәуір 2021, 14:08
ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуды талқылады
07 Сәуір 2021, 21:27
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:15
Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрі қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.