Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып қайтты

Сенбі, 15 Маусым 2019, 16:54:09

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып қайтты, онда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу бойынша қабылданып жатқан шаралармен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуымен танысты.

ҚР Үкіметінің басшысы  «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС ауыл шаруашылығы машинасын жасау кәсіпорнына барды. Бүгінде зауыт жылына 1500 техника шығарады. Келешекте қуаттылықты жылына 5000 техникаға дейін ұлғайтып, 400-ден астам жұмыс орынын ашу көзделген.

Индустриялық дамумен танысу «КАМАЗ-Инжиниринг» қазақстандық-ресейлік біріккен машина жасау кәсіпорнының жұмысын тексеру кезінде жалғасты. А. Маминге таяу уақытта жылына 2500 бірлікке дейін өнім шығару жоспары бар екені баяндалды.

Сонымен қатар, өңірде ҚР Премьер-Министрі «қарапайым заттар экономикасы» салаларының кәсіпорнын қарады. «Два Кита» ЖШС жыл басынан бері 12,7 мың корпустық жиһаз шығарған. Өнім түрін кеңейтіп, өндіріс көлемін ұлғайту жоспарда бар. Бұл мақсаттарға 1 млрд теңге жеке инвестициялар тартылады. Жалпы облыста халық тұтынатын тауарларды дамыту бойынша 87,6 млрд теңгеге 71 жоба бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 

Ақмола облысының экономикадағы туризм үлесін ұлғайтуға әлеуеті жоғары. Өңірлік туристік кластерге 700-ден астам нысан кіреді. Премьер-Министрге қаланың көлік және энергетика инфрақұрылымын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Бұған қоса, Көкшетау қаласының төңірегіндегі Қопа көлінің жағалауын абаттандыру жобасы таныстырылды.

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері жөнінде, сондай-ақ, 2020 жылы Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізуге дайындық, Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарын, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру және елорда төңірегін дамыту мәселелері жөнінде жұмыс кеңесін өткізді.

Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Биылғы 5 айдың қорытындысына сәйкес барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң қарқын белгіленген. Биылғы қаңтар-мамыр аралығындағы өнеркәсіптік өндіріс өлемі 284,1 млрд тг құрады. Биыл ИИДМБ аясында 434 жаңа жұмыс орнын құрумен 9,3 млрд теңге сомасына 5 жобаны іске асыру көзделген. 1 маусымдағы жағдай бойынша экономиканың негізгі капиталына 83,2 млрд теңге инвестиция тартылған, өсім — 4,4%. Ауыл шаруашылығында өндіріс 13%-ға өсіп, 63,6 млрд теңгені құрады.

2019 жылы әлеуметтік салаға 129,2 млрд теңге қарастырылған. 3 балабақша, 6 мектеп, 5 денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша тұрғын үй 116 көп балалы және аз қамтылған отбасыға берілді, атаулы әлеуметтік көмек аясында 610 млн теңге берілді.

Кеңес барысында Аймақаралық форумға дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды. Көкшетауда дамыған инфрақұрылым және ыңғайлы көліктік логистика бар. Жалпы алғанда, Форумды өткізу туризм саласында жаңа сапалы өзара қарым-қатынастарды дамытуға қосымша серпін береді, сондай-ақ, Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың кең ауқымы бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге жол ашады.

Сондай-ақ, кеңесте бірқатар министрліктің басшылары туризмді дамыту, курорттық аймақты инженерлік-көлік және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, перспективалық ауылдарды және елорда төңірегін дамыту мәселелері жөнінде сөйледі.

«Туристік саланы дамыту мемлекеттік бағдарламасының негізін Қазақстанның Топ-10 нысаны құрайды, солардың бірі — Щучинск-Бурабай курорттық аймағы», — деп Асқар Мамин, туризм саласы үлкен үміт күттіретінін айтты. —  Туризм көлік пен телекоммуникацияның дамуына, құрылысқа, сауда-саттыққа, ауыл шаруашылығына мультипликативті әсер ете отырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, инвестициялардың тартылуына және жұмыс орындарының ашылуына жағдай жасайды».  

ҚР Үкіметінің басшысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағының инфрақұрылымын жаңғырту және экологиялық жағдайды жақсарту, сапалы әрі қолжетімді сервистік қызметтерді дамыту жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Мұнда туризм саласында 7 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Жалпы, 2025 жылға қарай еліміздің ЖІӨ туризм үлесін 8% дейін ұлғайту көзделген.

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Ақмола облысында 2019 жылы 19 жоба қарастырылған, олардың 8-і бойынша келісімшартқа қол қойылған. Елорда төңірегін дамыту үшін биыл 10 жоба іске асырылады, соның ішінде 3-уі — сумен жабдықтау және су тарту желілерін салу бойынша, 2 — автожол жобалары және т.б.

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруды ерекше бақылауға алуды және республикалық маңыздағы қалалардың төңірегіндегі мәселелерді шешу мен абаттандыруға ден қою керектігін тапсырды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
24 Маусым 2020, 17:06
Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты
24 Маусым 2020, 10:25
Роман Скляр кәсіпкерлік мәселелерi бойынша Жобалық кеңсенің отырысын өткізді
23 Маусым 2020, 18:59
Ғабидулла Оспанқұлов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
23 Маусым 2020, 15:02
Мемлекет басшысы BIZ BIRGEMIZ жалпыұлттық онлайн форумына қатысты
23 Маусым 2020, 14:04
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.06.2020
23 Маусым 2020, 13:21
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы №381 Қаулысы
23 Маусым 2020, 13:18
2020 жылдың екінші жартысында Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуды жалғастырады 
23 Маусым 2020, 13:03
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «BIZ BIRGEMIZ» жалпыұлттық онлайн-форумында сөйлеген сөзі
23 Маусым 2020, 12:58
ШОБ несие бойынша төлемді кейінге қалдыруға қайта жүгіне алады — М. Әбілқасымова
23 Маусым 2020, 10:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
23 Маусым 2020, 10:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
23 Маусым 2020, 10:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды
23 Маусым 2020, 10:11
Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
23 Маусым 2020, 10:08
Б. Атамқұлов жылыту маусымы туралы: денсаулық сақтау нысандары мен тұрғын үйлерді дайындауға ерекше көңіл бөлінеді
23 Маусым 2020, 09:57
Күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында елімізде 8 энергоблокты, 59 қазандықты, 44 турбинаны жөндеу жоспарланған — Энергетика министрлігі
23 Маусым 2020, 09:34
2019 жылы шағын және орта бизнес 31,2 трлн теңгенің өнімін өндірді — ҚР ҰЭМ
22 Маусым 2020, 16:34
Мемлекет басшысы Премьер-Министр мен әкімдердің есебін тыңдады
22 Маусым 2020, 15:50
23 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.