ҚР Премьер-Министрі «Қазақмыс» корпорациясының қызметі бойынша кеңес өткізді

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов еліміздің жүйеқұраушы кәсіпорындары басшыларымен кездесу аясында «Қазақмыс» корпорациясының қызметі бойынша кеңес өткізді.

Кеңеске орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.

Корпорация жұмысының негізгі өндірістік бағыттары мен оны дамыту перспективалары туралы корпорация басқармасының төрағасы Э.Огай баяндады.

Корпорацияның Жезқазған мен Балқаш өңірлеріндегі жүйеқұраушы кәсіпорындар екенін назарға алған, Премьер-Министр «алған әлеуметтік міндеттемелерді тиісінше атқару қажет», - деді.

Сонымен бірге, Үкімет басшысы мемлекеттік қолдау шараларын қайырымдылық көмек ретінде қарамауға шақырды.

«Мемлекет корпорацияның өңірде әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі нақты рөлін көрсе оған көмектесетін болады. Бұл аса маңызды мәселе», - деп атап көрсетті С.Ахметов.

Талқылау қортындысы бойынша Премьер-Министр «әртараптандыру бойынша өңірдегі перспективалық бағыттарды анықтау, моноқалалар бағдарламаларын тереңдете түсу, тұтастай алғанда өңірлік мәселелерді анықтау үшін» мүдделі мемлекеттік органдарға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың жетекшілігімен жұмыс тобын құруды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу