Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевті қабылдады

09 қазан 2018, 18:13
Астана
Фото: akorda.kz

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Нью-Йорк және Лондон қалаларында өткен инвестициялық форумдардың қорытындылары жөнінде есеп берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Асқар Жұмағалиев әлеуетті шетелдік инвесторлар үшін бірқатар панельді сессия өткізілгені жөнінде мәлімдеді. Бұл басқосуларда Қазақстандағы жекешелендіру үдерісі, экономиканың жекелеген секторларына инвестиция салу, Ұлы Жібек жолын жаңғырту, көлік логистикасын дамыту жайы, сондай-ақ цифрландырудағы инновацияның рөлі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі туралы мәселелер талқыланды. 

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары Мемлекет басшысына инвестициялық форумдар аясында өткен екі жақты кездесулердің нәтижелерін баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз