Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

09 қаңтар 2019, 12:04
Фото: primeminister.kz

Нұрсұлтан Назарбаев дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, жарнама, Қазақстан мен Хорватияда қосарланған салық салуды болдырмау мәселелері туралы бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қазақстан Президенті қол қойған заңдар: 

  • Халықты дәрілік қамту жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң;

  • «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» заң;

  • Жарнама саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң.

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз