Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады

07 ақпан 2019, 17:57

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды

Мемлекет басшысының Өкімімен Сергей Михайлович Хорошун Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

С. Хорошун 1966 жылы дүниеге келген. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын тәмамдаған. Әр жылдары корпоративтік секторда жұмыс істеген. Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық департаментін басқарған. 2006 жылғы қыркүйек айынан бастап Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

В. Темірбаев 1967 жылы дүниеге келген. Мәскеу электрондық машина жасау институтын, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдаған. Әр жылдары Алматыда «Қазына» АҚ өкілдік басшысының орынбасары, «Самұрық-Қазына» АҚ ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ «Ұлттық инновациялық қор» АҚ Корпоративтік даму департаментінің директоры лауазымдарын атқарған. 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүйесінде жұмыс істейді. 2018 жылғы тамыздан бастап — Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз