Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Мемлекет басшысы «Елбасы жолы. Астана» көркем фильмінің премьерасына барды

30 қараша 2018, 17:34
Фото: akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев режиссер А.Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана» фильмін көруге барды. Бұл картина — «Елбасы жолы» киноэпопеясының бір бөлігі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Елбасы жолы. Астана» фильмінде Қазақстан елордасының қалыптасу тарихы және оны салу үдерісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың басты рөл атқарғаны жөнінде баяндалады. Кинокартинада 1994 жылғы шілде айында ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қабылданған маңызды шешімге байланысты оқиғалар көрсетіледі.

Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз